Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (13) Өлеңдер (17) Жоспарлар (3) Мақал-мәтелдер (78) Ұлағатты сөздер (33) Әзіл, анекдоттар (2)

Алтын алма, ақыл ал.

Ілмектер: алтын, ақыл

Ақыл тозбайды,
Алтын шірімейді.

Ілмектер: алтын, ақыл

Бір жерде алтын сыйлы,
Бір жерде халқың сыйлы.

Ілмектер: халық, алтын

Көп жасап, күміс болғанша
Аз жасап, алтын бол.

Ілмектер: жас, өмір, алтын, күміс

Алтын базарында бағалы.

Ілмектер: алтын, базар

Алтын кемер белге сән,
Алтын қылыш ерге сән.

Ілмектер: ер, алтын

Сабы алтын болса да,
Көсеудің көсеу аты қалмайды.

Ілмектер: алтын, көсеу, тек

Алтын отпен, әйел алтынмен, еркек әйелмен сыналады.

Ілмектер: алтын, әйел, еркек, АҚШ халқының мақалы, от

Алтын пышақ өтпесе,
Алтынын ал да отқа жақ.

Ілмектер: алтын, пышақ, пайдалы болу, пайдалы

Үйі жоқтың көңлінде
Алтын сарай жүреді.

Ілмектер: үй, көңіл, алтын

Алтын деген жер сыйы,
Алғыс деген ел сыйы.

Ілмектер: алтын, жер, алғыс, ел, сый

Алтын шыққан жердібелден қаз.

Ілмектер: алтын, еңбек

Өлең — алтын,
Сөз — күміс.

Ілмектер: сөз, сөз өнері, тіл, өлең, алтын

Алтын шірімес,
Дау қалмас,
Жан сасымас.

Ілмектер: алтын, дау, жан, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Алтын алма, дұға ал.

Ілмектер: алтын, дұға, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Өлмеген құл алтын аяқпен су ішер.

Ілмектер: өлім, алтын, су, құл

Жақсының алтын басы еңкейсе,
Білімсіздің басы шалқаяды.

Ілмектер: жақсы, алтын, білім

Ақылмен алтын табылар,алтынмен ақыл табылмас.

Ілмектер: ақыл, алтын

Алдағының бәрі алтын.

Ілмектер: алтын, парсы мақалы

Алтын жерде жатпайды,
Жаман ұста суын таппайды.

Ілмектер: алтын, жер, ұста, жаман, өнер