Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (13) Өлеңдер (17) Жоспарлар (3) Мақал-мәтелдер (78) Ұлағатты сөздер (33) Әзіл, анекдоттар (2)

Алтынды ерiте бiлмеген iрiтер,
Терiнi илей бiлмеген шiрiтер.

Ілмектер: алтын, тері, өнер

Өнерлiнiң қолы алтын,
Өлеңшiнiң сөзi алтын.

Ілмектер: өнер, алтын, қол, сөз, өлеңші

Таза алтын топырақсыз да тазарады.

Ілмектер: таза, алтын, топырақ, парсы мақалы

Алтын беріп,
Ауру алды.

Ілмектер: алтын, ауру, парсы мақалы

Аз сөз — алтын, көп сөз - көмір.

Ілмектер: сөз, алтын, көмір

Алтын басты әйелден,
Бақыр басты еркек артық.

Ілмектер: алтын, әйел, еркек

Жинау мақсат болса –
Алтын ба, тас па – бәрібір.

Ілмектер: мақсат, тас, алтын, парсы мақалы

Қолдағы бар – мыс,
Қолдағы жоқ – алтын.

Ілмектер: мыс, алтын

Алтын, алтын –
Жоғалтпайды нарқын.

Ілмектер: алтын

Аппақ алтын қаралы күнге қажет.

Ілмектер: алтын

Алтын табылса, түйерге түйіншек табылмас.

Ілмектер: алтын, түйе, қырғыз мақалы

Сабырдың түбі — сары алтын.

Ілмектер: сабырлық, алтын

Ақыл ескермейді,
Алтын шірімейді.

Ілмектер: ақыл, алтын

Аштықта алтыннан жарты уыс жарма артық.

Ілмектер: аштық, алтын, жарма

Алтын тастан шығады,
Ақыл жастан шығады.

Ілмектер: ақыл, алтын

Айтылмаған сөздерің саф алтындай,
Тістен шықса, қалар бақыр қалпында-ай.

Ілмектер: сөз, алтын, тіс, бақыр

Алтын — жай тас, босқа жатқан жердегі,
Қазып алса — бек тәжінің өрнегі.

Ілмектер: алтын, тас, бек, жер, тәж

Алтын алма, алғыс ал.
Алғыс алтын емес пе!

Ілмектер: алғыс, алтын

Алтын сырға құлақты ауыртады,
Алтындаған етік аяқты ауыртады.

Ілмектер: алтын, сырға, құлақ, етік, аяқ

Алтын-күміс жиғандар үй салады.

Ілмектер: алтын, күміс, үй