Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (204) Өлеңдер (331) Жоспарлар (24) Мақал-мәтелдер (85) Ұлағатты сөздер (51) Әзіл, анекдоттар (4)

Ата-анаға алара қараған көз азар көрсетеді.

Ілмектер: ата, ана, көз

Ата-анадан өсіп ұрпақ таралған,
Жақсы-жаман болса бала солардан.

Ілмектер: ата, ана, ұрпақ, бала, жақсы, жаман

Ата-ананың сөзін жерге тастама,
Байып алсаң, менмендікке бастама.

Ілмектер: ата, ана, менмендік, бай, байлық

Атаға тартып ұл тумас,
Анаға тартып қыз тумас.

Ілмектер: ата, ана, ұл, қыз

Атаның ақ батасы балалардың ойларын біркітеді,
Шешенің қарғысы балалардың зейінін жоқ етеді.

Ілмектер: ата, ана, шеше, бата, қарғыс, зейін, ой

Атаңда жоқ арғымақ,
Анаңда жоқ арғымақ
Саған не керек?!

Ілмектер: ата, ана, бала, арғымақ

Атасы ащы алма жесе, ұлының тісін қамар,
Атасы мен анасы ащы алма жесе, ұлы мен қызының тісін қамар.

Ілмектер: ата, алма, ащы, қыз, ана, ұл

Баланы зордан,
Ананы бордан.

Ілмектер: бала, ана

Баласы жыламай,
Шешесі емшек бермес.

Ілмектер: бала, ана, шеше, емшек

Су анасы - бұлақ, сөз иесі - құлақ.

Ілмектер: су, ана, бұлақ, құлақ, ие

Адалдық ана сүтінен де абзал.

Ілмектер: адалдық, ана, сүт, парсы мақалы

Атаның құны, ананың сүті,

Ілмектер: ата, ана, сүт

Кешірімділік — анадан,
Кішіпейілділік — данадан.

Ілмектер: ана, дана

Туған үйдің түтіні жылы,
Туған ананың күтімі жылы.

Ілмектер: үй, ана

Ана алдында — құрмет,
Ата алдында — қызмет.

Ілмектер: ана, ата, құрмет

Анаңа ауыр сөз айтпа!
Атыңа ауыр жүк артпа!

Ілмектер: ана, төрт түлік мал, сөз

Ата - асқар тау,
Ана - бауырыдағы бұлақ,
Бала - жағасындағы құрақ.

Ілмектер: ата, ана, бала

Еңбек - адамның екінші анасы.

Ілмектер: еңбек, ана

Ақ жаулығы ананың —
Ақ көрпесі баланың.

Ілмектер: ана, бала

Баласыз ана — гүлсіз алма.

Ілмектер: бала, ана