Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (45) Өлеңдер (75) Мақал-мәтелдер (103) Ұлағатты сөздер (24) Әзіл, анекдоттар (2)

Ата кәсібі — бала нәсібі.

Ілмектер: ата, қол өнері, өнер

Асығын ата алмаған,
Сақасынан көреді.
Сөзін сөйлей алмаған,
Атасынан көреді.

Ілмектер: сөз, асық, ата, тіл

Атаңның сақалына қарама,
Айтқан мақалына қара.

Ілмектер: ата, мақал, сөз, тіл

Ата жолы— бала жолы.

Ілмектер: ата, бала, жол

Аш итке ас берсең,
Анаңа тартқаның.
Жаяуға ат берсең
Атаңа тартқаның.

Ілмектер: ата, ана, отбасы

Ашылмаған ұра жоқ,
Атадан қалған мұра жоқ.

Ілмектер: ата, мұра

Тұңғиықты қара су,
Түйе бойлап шыға алмас.
Кім атадан кем туса,
Оның сөзін пұл алмас.

Ілмектер: сөз, ата

Алыссаң — атаң болса да жық,
Аясаң, көтеріп жібер.

Ілмектер: ата, батыр, қайсарлық

Арзымасқа алдырма,
Аяғыңнан шалдырма.
Арзымасқа алдырып,
Аяғыңнан шалдырып,
Атаңды ұятқа қалдырма.

Ілмектер: ұят, ата, қайсарлық

Балаға —
Ата қорған, ана құрбан.

Ілмектер: бала, ата, ана

Балықта бата жоқ,
Итте ата жоқ.

Ілмектер: балық, ата, бата, ит

Атаға қыз қонақ.

Ілмектер: ата, қыз, қонақ

Жеті атасын білмеген ұл жетесіз.

Ілмектер: ата, ұл, жеті, сан туралы мақал

Атаңа не қылсаң,
Алдыңа сол келер.

Ілмектер: ата

Алыссаң - атаң да болса жық,
Аясаң - көтеріп жібер.

Ілмектер: ата, аяу, ер, ерлік, батырлық

Аталы сөзге арсыз таласады.

Ілмектер: ата, сөз, ар, арсыз

Ата – баланың қорғаны.

Ілмектер: ата, бала, қорған, отбасы, туыс, жанұя

Атаға баланың алалығы жоқ.

Ілмектер: ата, бала, отбасы, туыс, жанұя

Атаның көңілі балада,
Баланың көңілі далада.

Ілмектер: ата, бала, көңіл, отбасы, туыс, жанұя

Атасын сыйлаған абыройға бөленер.

Ілмектер: ата, сый, абырой, тәлім, тағлым, тәрбие