Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (29) Өлеңдер (24) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (154) Ұлағатты сөздер (20) Әзіл, анекдоттар (1)

Сыйға тартқан аттың тісіне қарама.

Ілмектер: сый, ат, парсы мақалы

Ағаш ат аяңдамайды.

Ілмектер: ағаш, ат, парсы мақалы

Жақсы аттың тісін ашып қарама, киесі болады.
Қатыны жастың жұрт көзінше жасын сұрама, әр нәрсенің жүйесі болады.

Ілмектер: ат, қатын, әйел, жас

Балағат сөзге
Балшық ат.

Ілмектер: балағат сөз, ат, балшық, парсы мақалы

Арыншыл атқа алаң тар.

Ілмектер: ат, алаң, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Жақсы ат өзін-өзі асырайды.

Ілмектер: жақсы, ат, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Жауынгерді жауыр ат жалықтырар.

Ілмектер: жауынгер, ат, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Ат ұстасаң – баға біл,
От ұстасаң – жаға біл.

Ілмектер: ат, от, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Адамды – тілі,
Атты жүгі асырайды.

Ілмектер: адам, ат, тіл, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Қақсал атты қарғытуға үйретпе.

Ілмектер: ат, ауған елінің мақалы, ауған мақалы, үйрету

Өзіңдікі ме,
Өзінікі ме – атқа бәрібір.

Ілмектер: ат, бәрібір, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Шағыр көзді ит атқа теңесе алар,
Бірақ шағыр көзді ит итпен теңесе алмайды.

Ілмектер: ит, ат, теңесу

Шоқай кисе, аяқ ауырмайды.
Тоқым жапса, ат жауыр болмайды.

Ілмектер: шоқай, тоқым, ат, аяқ, ауру

Арқасыз ат қыр аса алмайды,
Арқасыз ер бір баса алмайды.

Ілмектер: ер, ат

Атының жауыры бауырына мирас.

Ілмектер: ат, мирас

Арыстан алыстан ақырса,
Аттың аяқтары шалынысар.

Ілмектер: арыстан, ат

Жаттың атына мінген тез түседі.

Ілмектер: жат, ат

Сен де – хан, мен де – хан,
Атқа жемді кім салар.

Ілмектер: хан, ат, жем

Атқа мініп,
Ат іздер.

Ілмектер: ат

Ат қоймайды,
Ит жалмайды.

Ілмектер: ат, ит