Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (27) Өлеңдер (10) Мақал-мәтелдер (84) Ұлағатты сөздер (29) Әзіл, анекдоттар (2)

Ауру жазылып қалады, әдет қалмайды.

Ілмектер: ауру, әдет

Ауру кетсе де, әдет кетпейді.

Ілмектер: ауру, әдет

Ауру қанша қатты болса да,
Өлімнің кепілі емес.

Ілмектер: ауру, өлім, кепіл

Ауру мен жолаушы қамын
Жол қиындығын көрген біледі.

Ілмектер: ауру, жолаушы, жол, қиындық

Ауру өлмес, ажалды өлер.

Ілмектер: ауру, ажал

Ауруға ең қиыны — түн.

Ілмектер: ауру, түн, денсаулық, қиын

Аурудың жаманы да тамақтан өтеді,
Амалы да тамақтан өтеді.

Ілмектер: денсаулық, ауру, жаман, тамақ

Аурудың өсиеті — ізгі.

Ілмектер: ауру, өсиет, ізгі

Ауруын емдетпеген тез өледі.

Ілмектер: ауру, денсаулық, ем, өлім

Ауырған жерін ауру біледі.

Ілмектер: ауру, денсаулық

Ауырғанның бәрі өле берсе,
Аспан асты бос қалар.

Ілмектер: ауру, аспан

Ауырғаның кеше, ас ішкенің бүгін.

Ілмектер: ауру, денсаулық, кеше, бүгін, ас, тамақ

Ауырып тұрдым, аунап тұрдым.

Ілмектер: ауру, денсаулық

Бақылдық — айықпас ауру.

Ілмектер: Бақылдық, ауру, сараңдық, сараң

Барлық ауру бір жолмен келеді—
Қомағайлық арқылы.

Ілмектер: ауру, денсаулық, қомағайлық

Барлық аурудың дәрісін тауып бере бермейді.

Ілмектер: ауру, денсаулық, дәрі

Бес бармақтың біреуін тістесең де,
Бәрі бірдей ауырады.

Ілмектер: бес, бармақ, ауру, тістеу

Құдай да құлқынға қарап ауру береді.

Ілмектер: мінез, ауру, денсаулық

Біліксіз кісі ауру іспетті,
Ауруды емдемесе, тез өледі.

Ілмектер: біліктілік, білім, ауру, ем, өлім

Білмегеннен түбінде бас ауырар.

Ілмектер: бас, ауру, білмеу