Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (27) Өлеңдер (10) Мақал-мәтелдер (84) Ұлағатты сөздер (29) Әзіл, анекдоттар (2)

Ауруын жасырған өледі.

Ілмектер: ауру, денсаулық

Денсаулық туралы мақал-мəтелдер.
1.Шынықсаң шымыр боларсың.
2.Адамның басты байлығы денсаулық.
3.Дана көптен шығады,
Дəрі шөптен шығады.
4.Бірінші байлық-денсаулық.
5.Ауырып ем іздегенге,
Ауырмайтын жол ізде.
6.Ауру батпандап кіреді,
Мысқылдап шығады.
7.Дерт көп, денсаулық біреу.
8.Демі бардың емі бар.
9.Ішің ауырса аузыңды тый,
Көзің ауырса қолыңды тый.
10.Арақ ішіп, темекі шеккен,
Денсаулықтың түбіне жетеді.

Ілмектер: шымыр, дəрі, шөп, ауру, денсаулық, арақ, темекі, батпандап, мысқылдап, дерт, ем

Досың ауырса, ыңқылда.

Ілмектер: жос, ауру, достық

Ауру — астан,
Дау —қарындастан.

Ілмектер: ауру, ас, денсаулық, дау

Пікірлер