Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (6) Өлеңдер (13) Мақал-мәтелдер (63) Ұлағатты сөздер (37)

Биттің ашуын сіркеден алады.

Ілмектер: бит, сірке, ашу, қырғыз мақалы

Ашулының алдына шықпа.

Ілмектер: ашу, қырғыз мақалы

Ашулы жанның жанына жолама.

Ілмектер: ашу

Орынсыз ашу — от шашу.

Ілмектер: ашу

Айтпай білмес,
Ашпай көрмес.

Ілмектер: айту, ашу

Ақылы асқан жақсыны «алысым» деп ойлама,
Ақылы жоқ жаманды «жақыным» деп ойлама.
Бір сынаған жаманды екінші қайтып қинама,
Ашуланса, мерт қылар, жолбарыспен ойнама.

Ілмектер: ақыл, жақсы, сыйлау, жаман, ашу, жолбарыс

Асқан ашу қорқыныш туғызады.

Ілмектер: ашу, қорқыныш

Асығыста салмақты бол,
Ашу қысса, ұстамды бол.

Ілмектер: асығу, салмақтылық, ашу, ұстамдылық

Аш кісінің ашуы жаман.

Ілмектер: аш, ашу, аштық, жаман

Ашу алда, ақыл артта.

Ілмектер: ашу, ақыл, арты, алды

Ашу жұты — тау жұты.

Ілмектер: ашу, жұт, тау

Ашу — кәпір, ақыл — дос,
Ақылыңа ақыл қос.

Ілмектер: ашу, кәпір, ақыл, дос

Ашу қысқан жаман іске ұрынар,
Ызалыға білім үйрет, ұғынар.

Ілмектер: ашу, ыза, ызақор, білім, жаман, іс

Ашу қысса, аузыңды жап.

Ілмектер: ашу, ауыз

Ашу, қаһар асығыс іс қылдырар,
Онда өмірің зая кетер, құлдырар.

Ілмектер: ашу, қаһар, асығыс, өмір, зая

Ашулы бектен аулақ жүр.

Ілмектер: ашу, бек

Ашулыда ақыл болмас,
Ақыл көп болса, ашу нетер.

Ілмектер: ашу, ақыл, көп

Ашушаң жақсы болмас,
Жақсы ашушаң болмас.

Ілмектер: ашу, жақсы

Ашу-ыза — ақымақтың белгісі.

Ілмектер: ашу, ыза, ақымақ, белгі

Әкімдердің ашуынан сақтан.

Ілмектер: әкім, ашу