Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (11) Өлеңдер (72) Мақал-мәтелдер (40) Ұлағатты сөздер (8) Әзіл, анекдоттар (1)

Елдің баласы бола алмаған ағасы да бола алмайды.

Ілмектер: аға, бала, ел

Жақсы аға - орман, жақсы іні - қорған.

Ілмектер: аға, іні

Алпысқа келгенде,
Алты ағаң болсын.
Жетпіске келгенде
Жеті інің болсын.

Ілмектер: аға, іні, кәрілік, қарттық

Ағаа лдында пейіліңді көрсет,
Іні алдында мейіріңді көрсет.

Ілмектер: аға, іні, туыс, ағайын

Асыл аға, алғыр іні.

Ілмектер: аға, іні, туыс, ағайын

Ағадағы мал — аспандағы мал,
Інідегі мал — ін түбіндегі мал,
Баладағы мал — даладағы мал.

Ілмектер: аға, іні, бала, дала, мал

Әуелгі сөз — ағадан,
Әдепті сөз — ініден.

Ілмектер: сөз, аға, іні

Ағадан — ақыл,
Ініден— ізет.

Ілмектер: аға, іні

Ел ағасыз болмас,
Су сағасыз болмас.

Ілмектер: су, ел, аға

Жөн білмеген ағалар:
Бүлініп кетсең қуанып,
Сүрініп кетсең табалар.

Ілмектер: аға, туыс, тәрбие, өнеге

Өз ағасын ағалаған —
Қолда барды бағалаған.

Ілмектер: аға, тәрбие, өнеге

Аға адасса, іні із кеседі.

Ілмектер: аға, іні, өнеге

Жасы кіші ініні
Ақылы артса, аға тұт.
Жасы үлкен ағаны
Жақсы сыйлап, жаға тұт.

Ілмектер: өнеге, тәрбие, аға

Ақыл ағадан,
Ілтипат ініден.

Ілмектер: ақыл, аға

Аға —
Еңбекпен көркем.
Бала —
Біліммен көркем.

Ілмектер: еңбек, аға, бала, білім

Ел ағасыз болмас,
Тон жағасыз болмас.

Ілмектер: ел, аға

Ағаның алды - кең жайлау.

Ілмектер: аға

Аға болсаң ақыл айт,
Ақыл айтсаң, мақұл айт.

Ілмектер: аға, ақыл

Көп ақымақтың ағасы болғанша, аз ақылдының інісі бол.

Ілмектер: аға, іні, ақыл

Өзбек өз ағам.

Ілмектер: өзбек, аға, ұлт