Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (36) Өлеңдер (7) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (34) Ұлағатты сөздер (55) Әзіл, анекдоттар (3)

Адам болам десең, арыңды ақшаға сатпа.

Ілмектер: ар, адам, ақша

Ақшаның жайын жарлыдан сұра,
Адамның жайын арлыдан сұра.

Ілмектер: адам, ақша

Ақшаңнан айрылсаң,
Өкінерсің, күйінерсің.
Арыңнан айрылсаң,
Қайтып тірі жүрерсің.

Ілмектер: ақша, тәрбие, өнеге

Балтам барда тақта жоқ,
Қалтам барда ақша жоқ.

Ілмектер: ақша

Ақшалының қолы ойнар,
Ақшасыздың көзі ойнар.

Ілмектер: ақша, кедейлік, байлық

Ақша ашпайтын құлып жоқ.

Ілмектер: ақша

Ақша сіздікі,
Мал біздікі.

Ілмектер: ақша, мал

Ақша кетуге тырысады,
Есеп ұстауға тырысады.

Ілмектер: ақша, есеп

Ақша болса - алақанда сорпа қайнайды.

Ілмектер: ақша, байлық

Базарда бәрі бар,
Ақшасыз ешкім бермейді.

Ілмектер: базар, ақша, байлық, еңбек

Ажалдан ақша беріп құтылмас.

Ілмектер: ажал, ақша, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Ақша ақшаны қимайды,
Дән дәнді жинайды.

Ілмектер: ақша, дән, парсы мақалы

Әр жеген асқа,
Қажет екен ақша.

Ілмектер: ас, ақша, парсы мақалы

Мың істі қатар бастағаннан ақшаң көбеймейді.

Ілмектер: іс, мың, ақша, парсы мақалы

Өсімге алған қарыздан
Қампаймайды қарының.

Ілмектер: өсім, ақша, қарыз, парсы мақалы

Әкесінің ақшасына үйленген,
Әйелінің қадірін білмейді.

Ілмектер: әке, әйел, ақша

Қарыз алған ақшамен байымассың.

Ілмектер: қарық, ақша, парсы мақалы

Қара бұлтты жел ашар,
Қара құлыпты пара ашар.

Ілмектер: қара, бұлт, жел, ақша, пара

Аппақ ақшаң қаралы күнге қажет.

Ілмектер: ақша

Бір тиын беріп айттыра алмайды,
Мың тиын беріп қойдыра алмайды.

Ілмектер: тиын, ақша, қырғыз мақалы