Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (36) Өлеңдер (7) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (34) Ұлағатты сөздер (55) Әзіл, анекдоттар (3)

Жарлының қалтасына ақша түссе,
Тырна болып сұңқылдайды.

Ілмектер: жарлы, кедей, ақша, қырғыз мақалы

Есегі бір теңге,
Тоқымы мың теңге.

Ілмектер: есек, құн, теңге, ақша, қырғыз мақалы, тоқым

Ақша ақылды адамның да көзін тұндырады,
Ашкөздік ұшқан құсты да торға түсіреді.

Ілмектер: ақша, ақыл, адам, көз, ашкөздік, тор, құс

Ақша барда көп жүрсең,
Көзің бір күн қарығар.

Ілмектер: ақша, көз

Ақша болса, қыз табылар.

Ілмектер: ақша, қыз

Ақша үшін әркім-ақ істейді,
Әділдік үшін кім істейді?

Ілмектер: ақша, әділдік

Ақшадан уәде күшті.

Ілмектер: ақша, уәде

Ақшаны жолда тапсаң да,
Санап ал.

Ілмектер: ақша, санау, табу

Ақылды ердің көзін ақша байлайды,
Қыл тұзақта құс құлқынын ойлайды.

Ілмектер: ақыл, ер, ақша, байлау, қыл, тұзақ, құс

Алынар ақша кешіксе,
Алатын адамның берекесі кетеді.

Ілмектер: ақша, береке, адам

Бай кісіде ақша көп болғанмен,
Ізгі ниет жоқ болады.

Ілмектер: бай, ақша, ниет, ізгі

Бөрік орнына бас алар,
Ақша орнына жан алар.

Ілмектер: бқрік, бас, ақша, жан

Теңге - тиыннан,
Ынтымақ - ұйымнан.

Ілмектер: ақша, теңге, ынтымақ, бірлік

Ақшада көз жоқ.

Ілмектер: ақша