Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (90) Өлеңдер (16) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (112) Ұлағатты сөздер (44) Әзіл, анекдоттар (5)

Өлім байдың барын шашады, жоқтың артын ашады.

Ілмектер: өлім, бай

Түйелі бай — киелі бай,
Қойлы бай — қорлы бай.
Жылқылы бай — сылдыр бай,
Сиырлы бай — сылбыр бай,
Ешкілі бай — есепті бай.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, бай

Ағайының бай болса,
Асағаның май болар.

Ілмектер: ағайын, бай

Мал балада қалды,
Бай далада қалды.

Ілмектер: мал, бала, дала, бай

Бай тоқ болмас,
Батыр аш болмас.

Ілмектер: бай, батыр

Мал байдікі,
Жан құдайдікі.

Ілмектер: бай, жан, байлық

Байы өлген қатынның беті жара,
Бағы тайған батырдың еті жара.

Ілмектер: бай, батыр, қатын

Батыр — аңғырт, .
Бай — салғырт.

Ілмектер: батыр, бай

Батыр бастас,
Бай тұстас.

Ілмектер: батыр, бай

Ұры бір түнде — бай,
Бір күнде — кедей.

Ілмектер: ұры, бай, кедей

Бай - байға, сай - сайға.

Ілмектер: бай, кедей, байлық, кедейлік

Кедей - байға жетсем дейді, бай - құдайға жетсем дейді.

Ілмектер: кедей, бай, кедейлік, байлық

Бай баласы мақтанса - жылқыдан жорға міндім дер,
Би баласы мақтанса - парадан шапан кидім дер.

Ілмектер: бай, би, мақтаншақтық, мақтану

Бай - балпаң, жоқ - қалтаң.

Ілмектер: бай, кедей, байлық, кедейлік

Қатыны өлген мен байы өлген қосылса:
Күндіз екеу,
Түнде төртеу.

Ілмектер: қатын, бай, өлім

Бай күйігі - сыртта, бала күйігі - іште.

Ілмектер: бай, бала

Екі бай құда болса - арасында жорға жүреді,
Екі жарлы құда болса - арасында дорба жүреді,
Бай мен жарлы құда болса - айырылыса алмай зорға жүреді.

Ілмектер: бай, кедей, жарлы, құда

Үркер жиылып - ай болмас,
Кедей жиылып - бай болмас.

Ілмектер: кедей, ай, бай

Жарлылығын жасырған байымас.

Ілмектер: жарлы, кедей, бай, байлық, пейіл, ынсап

Байды өркөкіректік өлтірер.

Ілмектер: өркөкірек, өлім, пейіл, ынсап, бай