Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (90) Өлеңдер (16) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (112) Ұлағатты сөздер (44) Әзіл, анекдоттар (5)

Жарлы атқа мінсе, «Қайдан алды» дер,
Бай атқа мінсе, «Құтты болсын» дер.

Ілмектер: жарлы, кедей, ат, бай, пейіл, ынсап

Байдың мыңын көрмей,
Жалғыздың жалғызын көреді.

Ілмектер: бай, жалғыз, пейіл, ынсап

Жарлының еңбегі — байдың ермегі.

Ілмектер: жарлы, кедей, бай, еңбек, пейіл, ынсап

Қайырсыз байдан қайнатқан су артық.

Ілмектер: бай, қайырсыз, пейіл, ынсап

Жаңа байығаннан қарыз алма.

Ілмектер: бай, пейіл, ынсап, қарыз

Байдың күні пәрменмен,
Жарлының күні арманмен.

Ілмектер: бай, жарлы, кедей, пейіл, ынсап, күн, арман, пәрмен

Байға құл болғанша,
Байғұсқа ұл бол.

Ілмектер: бай, ұл, құл, пейіл, ынсап

Ескі бай аяншақ келер,
Жаңа бай мақтаншақ келер.

Ілмектер: бай, мақтаншақ, пейіл, ынсап

Бай бауырын танымас.

Ілмектер: бай, пейіл, ынсап

Бай кісі жарлы болса,
Бетін қоюға жер таба алмас.

Ілмектер: бай, кедей, жарлы, пейіл, ынсап

Бай балпаң,
Жарлы қалтаң.

Ілмектер: бай, кедей, жарлы, ынсап

Бай тоқтығынан кекіреді,
Кедей аштығынан секіреді.

Ілмектер: кедей, бай, аштық, тоқтық

Бай байға құяды, сай сайға құяды.

Ілмектер: бай, сай, пейіл, ынсап

Бай - балпаң келер,
Жарлы - жалтаң келер.

Ілмектер: бай, кедей, жарлы, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Байдың мал азығы,
Бала атаның қазығы.

Ілмектер: бай, мал, бала, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Бай мақтанса - табылар,
Кедей мақтанса - шабылар.

Ілмектер: бай, мақтану, мақтаншақтық, кедей, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Түлкі түгінен жазар,
Бай малынан жазар.

Ілмектер: түлкі, бай

Тамам кедей жиылып құдай берген байдай жоқ,
Тамам жұлдыз бірігіп бірден туған айдай жоқ.

Ілмектер: кедей, бай, жұлдыз, ай

Бай болмақ ініден,
Биікке шықпақ баладан.

Ілмектер: бай, байлық, іні, бала

Батыр мақтанса бір оқтық,
Бай мақтанса бір жұттық.

Ілмектер: батыр, мақтану, мақтаншақтық, бай