Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (7) Өлеңдер (11) Мақал-мәтелдер (79) Ұлағатты сөздер (15)

Бас жарылса, бөрік ішінде,
Қол сынса, жең ішінде.

Ілмектер: бас, қол

Пәлелі жерді баспа,
Басыңа түссе, саспа.

Ілмектер: пәле, бас

Иілген басты қылыш кеспес.

Ілмектер: бас, қылыш, дәуір

Бас — бөріктің қалыбы.

Ілмектер: бас, бөрік

Бас болмақ оңай,
Бастамақ қиын.

Ілмектер: бас, қайсарлық

Кішкентай тастан
Қауақтай бас жарылады.

Ілмектер: тас, бас

Бас – кемеңгер,
Жүрек – ер,
Құлақ – бұлақ,
Аяқ – пырақ,
Қол – мұрап,
Тіл – тілмаш,
Кілтін тап та сырын аш.

Ілмектер: амалын табу, дене мүшелері, тіл, бас, жүрек, құлақ

Басы аман, малы түгелдің,
Құдайымен ісі жоқ.

Ілмектер: бас, амандық, құдай

Басы қатты болса,
Аяғы тәтті болады.

Ілмектер: бас, аяқ, қатты, тәтті

Бөрік – басқа көрік.

Ілмектер: бөрік, бас

Аман болса бұл басым,
Тағы шығар бұл шашым.

Ілмектер: денсаулық, бас, шаш

Бас ауырса жан қорқады.

Ілмектер: бас, ауру, денсаулық

Баста мый жоқ болса,
Екі аяққа күш түсер.

Ілмектер: бас, мый, аяқ, күш, ақымақ

Ақылы жоқ басқа, адырайған көз бітеді.
Дуасы жоқ ауызға, судыраған сөз бітеді.

Ілмектер: ақыл, бас, көз, сөз

Сөздің азы жақсы,
Бастың тазы жақсы.

Ілмектер: сөз, бас, жақсы

Басыңда болса дарасы,
Сипаламай берер, қарашы.

Ілмектер: дара, бас, Араб мақал-мәтелдері

Басы ауырған бақсыға барады,
Даулы кісі жақсыға барады.

Ілмектер: бас, ауру, дау, бақсы

Шалқайғанға шалқай, басың көкке тигенше,
Еңкейгенге еңкей, басың жерге тигенше.

Ілмектер: шалқаю, еңкей, бас

Біреуге бас қайғы, біреуге мал қайғы.

Ілмектер: бас, мал, қайғы

Бестің басы болғаншы,
Алтының аяғы бол.

Ілмектер: бес, алты, сан, бас, аяқ