Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (69) Өлеңдер (57) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (154) Ұлағатты сөздер (33)

Палуанға оң-терісі бірдей.

Ілмектер: палуан, батыр, ер

Ер өлсе де, аты өлмейді.

Ілмектер: ер, ерлік, батыр

Ер аруағы - қаруы.

Ілмектер: ер, батыр, ерлік, қару, қару-жарақ

Ер бір рет өледі,
Қорқақ мың рет өледі.

Ілмектер: ер, батыр, қорқақ

Алып - анадан, ат - биеден.

Ілмектер: ер, батыр, ерлік, ат, ана, бие

Жомарт бергенін айтпас,
Ер айтқанынан қайтпас.

Ілмектер: жомарт, ер, сөз, батыр

Батырдың қаһары - еліне қорған.

Ілмектер: батыр, ел, ер, Құлатай батыр

Батыр бір өледі,
Қорқақ мың өледі.

Ілмектер: батыр, қорқақ, қорқақтық

Ақын — ұлттың жүрегі,
Шешен — көптің тірегі,
Батыр — көптің білегі.

Ілмектер: сөз, сөз өнері, тіл, ақын, батыр, шешен

Батырдың сөзі мың теңгелік.

Ілмектер: батыр, сөз

Өсер елдің жігіті бірін-бірі батыр дер,
Өшер елдің жігіті бірін-бірі қатын дер.

Ілмектер: ел, жігіт, батыр, қатын

Батыр аңқау келер,
Балуан өктем келер.

Ілмектер: батыр, аңқау, балуан

Батыр мақтанса бір оқтық,
Бай мақтанса бір жұттық.

Ілмектер: батыр, мақтану, мақтаншақтық, бай

Жетесіз батыр тез өлер.

Ілмектер: батыр

Жомарт жоқты білмейді, батыр көпті білмейді.

Ілмектер: жомарт, батыр

Есерсоқ батырдан, есті қорқақ артық.

Ілмектер: есерсоқ, батыр, қорқақ

Батыр мың қол бастайды.
Шешен тар жерде сөз бастайды.

Ілмектер: батыр, ер, ерлік, шешен, жер

Түзде жүріп,
Жау жайратқан батырмын,
Үйге келіп,
Құрт қайнатқан батырмын.

Ілмектер: батыр, құрт, ерлік, үй

Ер шарасыз болмас,
Ер жарасыз болмас.

Ілмектер: ер, шара, жара, батыр

Ер болсаң, бопсаға шыда.

Ілмектер: ер, ерлік, батыр