Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (19) Өлеңдер (9) Жоспарлар (4) Мақал-мәтелдер (32) Ұлағатты сөздер (11)

Би асылдан асыл болмас,
Би асылмен жолдас болсаң,
Мұратың, сірә да, хасыл болмас.

Ілмектер: асыл, би, жолдас, мұрат

Би баласы биге ұқсар,
Биік-биік тауға ұқсар.
Хан баласы ханға ұқсар,
Қанатын жайған қазға ұқсар.
Бай баласы байға ұқсар,
Байланбаған тайға ұқсар.

Ілмектер: би, бала, тау, хан, әке, бай

Би болмасаң, би болма,
Би түсетін үй бол.

Ілмектер: үй, би

Би қылма, би түсетін үй қыл.

Ілмектер: би, үй

Биді Құдай ұрмайды,
Алымға сөзін бұрса да.

Ілмектер: би, сөз, алым

Бидің айтқан сөзінің бәрі кеңес,
Кісі ақылы кісіге ақыл емес.
Түнде ұры халықтың малын жесе,
Ертең жиын-тойға тіпті кірмес.

Ілмектер: кеңес, сөз, ақыл, ұры, халық, той, ертең, би

Би жоқта құл жүреді жораға,
Ит жоқта шошқа үреді қорада.

Ілмектер: би, құл, ит, шошқа

Хан көп болса — жау көп,
Би көп болса — дау көп.

Ілмектер: хан, би, уақыт, дәуір

Ханның ісі қараға түседі,
Бидің ісі параға түседі.

Ілмектер: хан, би, уақыт, дәуір

Ханды құдай ұрғаны,
Халқымен жау болғаны.
Биді құдай ұрғаны,
Билігі дау болғаны.

Ілмектер: хан, би, дәуір, дау

Ханнан қазық, биден тоқпақ.

Ілмектер: хан, би, пейіл, ынсап

Бөтен елде би болғанша,
Өз еліңде шопан бол.

Ілмектер: би, шопан, отан