Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (6) Өлеңдер (5) Мақал-мәтелдер (56) Ұлағатты сөздер (15)

Үлкенмен бала дауласпас,
Қырғи мен сұңқар жауласпас.

Ілмектер: дау, жау

«Бер» деген дауым болмаса,
«Ыңқ» деген ауруым болмаса!

Ілмектер: дау, ауру, қырғыз мақалы

Жаман сөз дауға қалдырады.

Ілмектер: жаман, сөз, дау, қырғыз мақалы

Жаманның тонын кисең,
Тойда даулайды.

Ілмектер: жаман, той, дау, тон, қырғыз мақалы

Дау ескірмейді,
Асыл шірімейді.

Ілмектер: дау, асыл, қырғыз мақалы

Жалғыз батыр жауға жоқ, жалғыз жігіт дауға жоқ.

Ілмектер: жалғыздық, батыр, жау, дау

Ақылды ер әр адамның көңілін аулар,
Күйзеліп күнде күншіл жоқты даулар.

Ілмектер: ақылды, ер, адам, көңіл, аулау, күйзеліс, күншіл, дау

Алып жауда көрінер,
Байсалды дауда көрінер.

Ілмектер: алып, жау, дау, байсалды

Арық малға суық өш,
Даулы кісіге әкім өш.

Ілмектер: арық, мал, дау, әкім, өш

Дау-жанжал әбден белең алған кезде де татуласу туралы ойлау керек.

Ілмектер: дау, жанжал, татуласу, Әзiрбайжан мақалы

Бақ-бақ еткен текені қар жауғанда көрерміз,
Батырсынған жігітті жау келгенде көрерміз,
Шешенсінген жігітті дау келгенде көрерміз.

Ілмектер: теке, қар, батыр, жігіт, жау, шешен, дау

Бар бәле әйелден (әйел туралы даудан).

Ілмектер: әйел, дау, бәле

Батыр жауда көрінеді,
Данышпан дауда көрінеді.

Ілмектер: батыр, данышпан, дау, жау

Орта жүзді қамшы беріп дауға қой,
Ұлы жүзді қауға беріп малға қой,
Кіші жүзді найза беріп жауға қой.

Ілмектер: жүз, орта жүз, кіші жүз, ұлы жүз, дау, жау, найза, мал

Ханды құдай ұрғаны,
Халқымен жау болғаны.
Биді құдай ұрғаны,
Билігі дау болғаны.

Ілмектер: хан, би, дәуір, дау

Ауру — астан,
Дау —қарындастан.

Ілмектер: ауру, ас, денсаулық, дау

Пікірлер