Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (1) Өлеңдер (12) Мақал-мәтелдер (48) Ұлағатты сөздер (39)

Алыстағы дұшпаннан
Аңдып тұрған орыс жаман.

Ілмектер: алыс, дұшпан, орыс, жаман

Байлық — нағыз дұшпан.

Ілмектер: байлық, дұшпан

Бақыт басқа қонғанда,
Алысып жүрген дұспандар
Алдыңа келіп дос болар.
Бастан бақыт ұшарда,
Жан аяспас достарың
Қарап жүріп қас болар.

Ілмектер: бақыт, дос, дұшпан

Етектен кесіп жең болмас,
Ежелгі дұшпан ел болмас.

Ілмектер: ел, дұшпан

Дұшпанға тастай қатты бол,
Досыңа балдай тәтті бол.

Ілмектер: дұшпан, дос

Ханның ісі қараға түсер,
Батырдың ісі балаға түсер,
Байдың ісі кедейге түсер,
Бәйбішенің ісі тоқалға түсер,
Арыстанның ісі тышқанға түсер,
Ердің ісі баз-базында дұшпанға түсер.

Ілмектер: хан, батыр, бай, бала, бәйбіше, тоқал, арыстан, тышқан, ер, дұшпан

Біліксіз досыңнан,
Білекті дұшпан артық.

Ілмектер: біліктілік, білім, дос, дұшпан, білек