Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (2) Өлеңдер (2) Мақал-мәтелдер (28) Ұлағатты сөздер (6)

Ойында өрелік жоқ,
Ханында төрелік жоқ.

Ілмектер: хан, уақыт, дәуір

Хан сарайы демесең,
Қатын өсек қаптаған.
Қошеметшіл қу өңшең
Ханды ғана мақтаған.

Ілмектер: хан, уақыт, дәуір

Ханның ісі қараға түседі,
Бидің ісі параға түседі.

Ілмектер: хан, би, уақыт, дәуір

Хан халықтан үлкен емес.

Ілмектер: хан, дәуір, уақыт

Көп толқыса — хан құлайды,
Көл толқыса — жар құлайды.

Ілмектер: хан, дәуір

Айырдан туған жампоз бар,
Нар емес десең нанғысыз,
Қарадан туған жігіт бар,
Ханға күнін салғысыз.

Ілмектер: хан, жігіт, уақыт, дәуір

Ханды құдай ұрғаны,
Халқымен жау болғаны.
Биді құдай ұрғаны,
Билігі дау болғаны.

Ілмектер: хан, би, дәуір, дау

Біткен іске сыншы көп,
Піскен асқа жеуші көп.

Ілмектер: іс, ас, сын, сыншы, дәуір