Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (3) Өлеңдер (20) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (54) Ұлағатты сөздер (76) Әзіл, анекдоттар (1)

Ер жігіт бір күнде бір кісілік,
Бір күнде мың кісілік.

Ілмектер: ер, жігіт, ерлік

Ер басына күн туса,
Долданар да тасынар,
Жауын жеңсе жарқырап,
Жауған күндей ашылар.

Ілмектер: ер, долдану, батырлық, ерлік, жау

Тисе терекке,
Тимесе бұтаққа.

Ілмектер: ерлік, батырлық

Жасты жасақта көр,
Құнан қойды қосақта көр.

Ілмектер: жасақ, қой, ерлік

Ер ерлігін істесе,
Ел елдігін істейді.

Ілмектер: ер, ел, ерлік

Ерлік қаза- өлтірмейді,
Ел көңілінен кетірмейді.

Ілмектер: қаза, ерлік, ел

Ерлік өлім - ерді көбейтеді.

Ілмектер: ерлік, өлім

Ерліктің шарты - өзіне сенгендік.

Ілмектер: ерлік, шарт, сенім

Жеті қырлы балықты, сегіз қырлы жігіт алады.

Ілмектер: ерлік

Адалдық — ерлік нышаны.

Ілмектер: адалдық, ерлік, нышан

Әйелге күш көрсету — ерлік емес,
Күшіңді өзіңе жұмса.

Ілмектер: әйел, ерлік, күш

Басыңа іс түссе, билігің зая,
Үстіңнен жау түссе, ерлігің зая.

Ілмектер: іс, бас, билік, зая, жау, ерлік

Ерлік пен бірлік жеңіске жеткізеді.

Ілмектер: ерлік, бірлік, жеңіс

Ерлікте қорлық жоқ.

Ілмектер: ерлік