Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (6) Өлеңдер (33) Мақал-мәтелдер (365) Ұлағатты сөздер (65)

Жүкті нар көтерер,
Қайғыны ер көтерер.

Ілмектер: нар, жүк, қайғы, ер

Ер өлсе де, аты өлмейді.

Ілмектер: ер, ерлік, батыр

Ер аруағы - қаруы.

Ілмектер: ер, батыр, ерлік, қару, қару-жарақ

Ер бір рет өледі,
Қорқақ мың рет өледі.

Ілмектер: ер, батыр, қорқақ

Ер - ырыстың кілті.

Ілмектер: ер, ырыс

Күшті кісі алып та жығады,
Шалып та жығады.

Ілмектер: кісі, ер, ерлік, алып

Айнымас жүрек, ер көңіл,
Ер жігіттің серігі.

Ілмектер: жүрек, ер, ерлік, батырлық

Алып - анадан, ат - биеден.

Ілмектер: ер, батыр, ерлік, ат, ана, бие

Жомарт бергенін айтпас,
Ер айтқанынан қайтпас.

Ілмектер: жомарт, ер, сөз, батыр

Ерді көрсең қыдыр тұт,
Асты көрсең қадыр тұт.

Ілмектер: ер, ас, тағам, тамақ

Жалынған қорған емес,
Жағалаған қорған.

Ілмектер: ер, ерлік, батырлық

"Әйт-шүу" деген атанға күш,
"Әуіп" деген жігітке күш.

Ілмектер: күш, ер, жігіт, ерлік, батырлық

Бөріден қорыққан орманға бармайды.

Ілмектер: бөрі, қорқақтық, орман, ер, ерлік, батырлық

Кебенек киген келеді,
Кебін киген келмейді.

Ілмектер: ер, ерлік, батырлық

Жақсы аттың жалын сақтағанша,
Жақсы ердің көңілін сақта.

Ілмектер: ер, ат, ерлік, батырлық

Алыссаң - атаң да болса жық,
Аясаң - көтеріп жібер.

Ілмектер: ата, аяу, ер, ерлік, батырлық

Қауғадан шошынған мал оңбас,
Жаудан шошынған ер оңбас.

Ілмектер: ер, ерлік, батырлық, қорқақтық, мал

Өзің өлсең өл,
Жолдасыңды жауға берме.

Ілмектер: жолдас, дос, жау, өлім, ер, ерлік, батырлық

Таспа, тасыған су да қайтар.

Ілмектер: су, ер, ерлік, батырлық

Болмас іске болаттай бол.

Ілмектер: іс, болат, ер, ерлік, батырлық