Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (6) Өлеңдер (33) Мақал-мәтелдер (365) Ұлағатты сөздер (65)

Ат - ердің қанаты.

Ілмектер: ат, ер

Он екі жылда ердің құны салауат.

Ілмектер: жыл, ер, құн

Қарашы хан тұсында, қатын ер тұсында.

Ілмектер: хан, ер, қатын

Емен ағаштың иілгені - сынғаны,
Ер жігіттің екі сөйлегені - өлгені.

Ілмектер: емен, ағаш, ер, сөйлеу

Ерді қорлама састырар,
Асты қорлама құстырар.

Ілмектер: құсу, қорлық, ер

Қыран шексіз көкте жүзеді,
Ер теңіз-ойда жүзеді.

Ілмектер: қыран, ер

Қатын ерге қарайды, ер жерге қарайды.

Ілмектер: қатын, ер, жер

Ер еңбегіне бір түйсін.

Ілмектер: ер, еңбек

Су тасыса жиегіне,
Ер тасыса еліне.

Ілмектер: су, ер, ел

Ер азамат белгісі -
Түзде мырза, үйде құл.

Ілмектер: ерлік, батырлық, мырза, үй, құл, ер, азамат

Ер намысының құлы.

Ілмектер: ер, намыс, ерлік, батырлық

Уайым - ердің қорғаны.

Ілмектер: уайым, ер, ерлік, батырлық

Ылдыйсыз өр болмайды,
Қапысын таппас ер болмайды.

Ілмектер: ер, ерлік, батырлық

Батыр мың қол бастайды.
Шешен тар жерде сөз бастайды.

Ілмектер: батыр, ер, ерлік, шешен, жер

Ер шарасыз болмас,
Ер жарасыз болмас.

Ілмектер: ер, шара, жара, батыр

Ер болсаң, бопсаға шыда.

Ілмектер: ер, ерлік, батыр

Ер жігіт бір күнде бір кісілік,
Бір күнде мың кісілік.

Ілмектер: ер, жігіт, ерлік

Төске айылдың батқанын
Иесі білмес, аты білер;
Ер жігіттің қадірін
Ағайын білмес, жат білер.

Ілмектер: ағайын, ер, жігіт, қадір

Ердің атын я аты шығарады,
Я қатыны шығарады.

Ілмектер: ер, қатын

Арғымақ бірде жалды,
Бірде жалсыз,
Ер жігіт бірде малды,
Бірде малсыз.

Ілмектер: ер, жігіт, төрт түлік мал