Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (25) Өлеңдер (30) Жоспарлар (13) Мақал-мәтелдер (273) Ұлағатты сөздер (148)

Еңбексіз байлық енбейді.

Ілмектер: еңбек, байлық

Бiлiм алып құрасын,
Еңбек етiп сұрасын.

Ілмектер: білім, еңбек

Жона білсең –
Соға да білесің.

Ілмектер: еңбек, парсы мақалы

Еңбек етсең — емерсің,
Ерінбесең - жеңерсің.

Ілмектер: еңбек, жеңіс

Істегенің – піскен егін.

Ілмектер: іс, еңбек, егін, парсы мақалы

Еңбексіз береке жоқ,
Еңбекте мереке көп.

Ілмектер: еңбек, береке, мереке, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Еңбек еш кетпес.

Ілмектер: еңбек

Еңбекте ынта болмаса,
Іс өнбейді.

Ілмектер: еңбек, ынта

Еңбексіз өмір – сөнген көмір.

Ілмектер: еңбек

Ер еңбегін жер жұтпайды.

Ілмектер: ер, еңбек, жер

Еңбексіз диқанның күні өтпейді.

Ілмектер: еңбек, диқан, қырғыз мақалы

Жақсы сөз — жан азығы.
Жақсы еңбек — ырыс қазығы.

Ілмектер: жақсы, еңбек, ырыс

Азығымен жер мүсінді,
Еңбегімен ер мүсінді.

Ілмектер: еңбек, ер

Күшіңе сенбе, ісіңе сен.

Ілмектер: еңбек

Еңбеккер ұйқыдан ширап тұрады.
Еріншек ұйқыдан қирап тұрады.

Ілмектер: еңбек

Еңбек түбі - береке.

Ілмектер: еңбек, береке

Байлықтың атасы - еңбек, анасы - жер.

Ілмектер: байлық, жер, еңбек

Бейнет,
Бейнет түбі — зейнет.

Ілмектер: еңбек

Ер еңбегімен озады,
Еріншек езілумен тозады.

Ілмектер: ер, еңбек, еріншек, жалқау

Еңбек деген байлық бар ерінбеген жететін, жоқшылық пен кесірді жермен – жексен ететін.

Ілмектер: еңбек, кесір, жоқшылық