Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (25) Өлеңдер (30) Жоспарлар (13) Мақал-мәтелдер (273) Ұлағатты сөздер (148)

Емнің алды – еңбек.

Ілмектер: ем, денсаулық, еңбек

Еңбекқор
Ұйқыдан ширап тұрады.
Ерiншек
Ұйқыдан қирап тұрады.

Ілмектер: еңбек, еңбекқор, еріншек, ұйқы

Бағбан еңбектің қиыншылығын көрмесе,
Жұрт жемістің дәмін татпас еді.

Ілмектер: бағбан, еңбек, қиыншылық, жұрт, жеміс, дәм

Еңбек етсең — емерсің.

Ілмектер: еңбек

Аянбай еңбек ет,еңбегің еш кетпес.

Ілмектер: Мақал-мәтел, еңбек, еш кетпес

Темірді қызғанда соқ.

Ілмектер: темір, еңбек

Ащы еңбектен тәтті нан.

Ілмектер: ащы, еңбек, нан

Жылай-жылай арық қазсаң,
Күле-күле су ішерсің.

Ілмектер: еңбек, су

Еңбек мұратқа жеткізер,
Жалқаулық абыройды кеткізер.

Ілмектер: еңбек, абырой, жалқаулық

Көз қорқақ,
Қол батыр.

Ілмектер: еңбек, қорқақ, батыр

Енді - еңбек бейнет емес, зейнет.

Ілмектер: еңбек, бейнет, зейнет

Жүре-жүре арық қазсаң,
Күле-күле су ішерсің.

Ілмектер: еңбек, су, егіншілік

Еңбегіне қарай, өнбегі.

Ілмектер: еңбек

Еңбек ерлікке жеткізер.
Ерлік елдікке жеткізер.

Ілмектер: еңбек

Еңбек ет те, мақтан, ойнап күл де, шаттан.

Ілмектер: еңбек

Жемісті жұмыс
Жаныңды тындырады.
Сауық құмарлық
Сағыңды сындырады.

Ілмектер: жұмыс, еңбек

Еңбек — адамның көркі,
Адам — заманның көркі.

Ілмектер: еңбек, адам

Еңбек ер атандырар.

Ілмектер: еңбек, ер

Үдере көшкен уығын сындырады,
Жұмыла жұмыс істеген
Жұмысты тындырады.

Ілмектер: жұмыс, еңбек

Еңбек етпесең, елге өкпелеме,
Егін екпесең, жерге өкпелеме.

Ілмектер: еңбек