Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (2) Өлеңдер (11) Мақал-мәтелдер (49) Ұлағатты сөздер (6)

Жаяулық та мәңгі емес,
Жарлылық та мәңгі емес,
Жалғыздық та мәңгі емес.

Ілмектер: жалғыздық, жалғыз

Қарғайын десем — жалғызым,
Қарғамайын десем — жалмауызым.

Ілмектер: жалғыз

Жалғыз қаздың үні шықпас.

Ілмектер: жалғыз, қаз

Жалғыздың жоғы жоғалса табылмайды,
Көптің жоғы жоғалса табылады.

Ілмектер: ел, халық, көпшілік, жалғыз

Байдың мыңын көрмей,
Жалғыздың жалғызын көреді.

Ілмектер: бай, жалғыз, пейіл, ынсап

Жалғыздың жары - құдай.

Ілмектер: жалғыз, жалғыздық, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Ер егіз, еңбек жалғыз.

Ілмектер: ер, еңбек, жалғыз

Жалғыз өзі – жарғақ құлағы.

Ілмектер: жалғыз, парсы мақалы

Шындық – жалғыз,
Сұмдық – мың.

Ілмектер: шындық, сұмдық, жалғыз, мың, парсы мақалы

Жалғыздың күні шықпайды,
Жалғыз қарғаның үні шықпайды.

Ілмектер: жалғыз, қарға, ынтымақ, бірлік

Жалғыздың жағы жоғалса да табылмас,
Көптің оғы жоғалса да табылар.

Ілмектер: жалғыз, көп, оқ

Қанша жуан болса да,
Жалғыз ағаш үй болмас,
Қанша жақсы болса да,
Жалғыз жігіт ьи болмас.

Ілмектер: жалғыз, жалғыздық, үй, ағаш, би, жігіт

Жалғыз кісі жауынгер емес.

Ілмектер: жалғыз, жалғыздық, жауынгер

Отау үй, оңаша бас.

Ілмектер: отау, үй, жалғыз, жалғыздық

Жалғыз атты жарыстан қалмас.

Ілмектер: жалғыз, жалғыздық

Жалғыздың ісі бітпес.

Ілмектер: жалғыз, жалғыздық, іс

Бір басқа - бір көз.

Ілмектер: бас, көз, жалғыз

Жалғыз жігіт жарымас.

Ілмектер: жалғыз, жалғыздық

Екі қарбызды
Жалғыз қолмен көтере алмассың.

Ілмектер: қарбыз, жалғыз, қол, парсы мақалы

Жалғыз бала – жарты бақыт, көп бала-алтын уақыт.

Ілмектер: бала, жалғыз, жалғыздық