Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (2) Өлеңдер (11) Мақал-мәтелдер (49) Ұлағатты сөздер (6)

Көп бидайдың ішінде жалғыз арпа.

Ілмектер: жалғыз, жалғыздық, арпа, бидай

Жалғыз шала сәуле болмас,
Жалғыз шырақ тәубе болмас.

Ілмектер: жалғыздық, жалғыз

Аз кісінің теңдігі бар да, төресі жоқ,
Жалғыз аттың астауы бар да, дересі жоқ.

Ілмектер: аз, көп, теңдік, төре, жалғыз

Ақ құстың баласы жалғыз жүріп оттамас.

Ілмектер: құс, бала, жалғыз, жалғыздық

Алланың берейін деген құлына
Онан-мұнан құралар.
Бермейін деген құлының
Жалғыз атын ұры алар.

Ілмектер: Алла, құл, ұры, жалғыз, ат

Атадан жалғыз болсаң да,
Рудан жалғыз болма.

Ілмектер: ата, жалғыз, жалғыздық, ру

Жалғыз ағаш
Орман болмас,
Жалғыз кірпіш
Қорған болмас.

Ілмектер: Жалғыз

Жалғыз ағаш үй болмас,
Жалғыз жігіт би болмас.

Ілмектер: Жалғыз

Жалғыз ағаш орман болмас,
Жалғыз кірпіш қорған болмас.

Ілмектер: жалғыз, жалғыздық, ағаш, кірпіш, орман, қорған