Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (12) Өлеңдер (12) Мақал-мәтелдер (101) Ұлағатты сөздер (15) Әзіл, анекдоттар (1)

Арық атқа қамшы үйір,
Жыртық үйге тамшы үйір.

Ілмектер: жан-жануар, жануар, төрт түлік мал

Атсыздың атасының құны кетеді.

Ілмектер: жан-жануар, жануар, төрт түлік мал

Жақсы аттың тісін ашпа.

Ілмектер: жан-жануар, жануар, төрт түлік мал

Жылқыны бөгелек аздырар,
Ешкіні кебенек аздырар.

Ілмектер: жан-жануар, жануар, төрт түлік мал

Көшің көрнекті болсын десең,
Көлігің күтімді болсын.

Ілмектер: жан-жануар, жануар, төрт түлік мал

Ұлдының ұрты өседі,
Малдың сырты өседі.

Ілмектер: жан-жануар, жануар, төрт түлік мал

Ат шаппайды, бап шабады.

Ілмектер: жан-жануар, жануар, төрт түлік мал

Жорытар аттың тоғы игі.

Ілмектер: жан-жануар, жануар, төрт түлік мал

Саумал ішсең, қымыз жоқ,
Байтал мінсең, құлын жоқ.

Ілмектер: саумал, қымыз, жан-жануар, жануар, төрт түлік мал

Күйсіз көлік жүгірмес.

Ілмектер: көлік, жан-жануар, жануар, төрт түлік мал

Атты күнде мінсең — тулақ,
Аптада мінсең - қунақ,
Айына мінсең — ат,
Жылына мінсең — тұлпар.

Ілмектер: жан-жануар, жануар, төрт түлік мал

Түйе баласы төре баласы.

Ілмектер: жан-жануар, жануар, төрт түлік мал

Түйе байлық, жылқы мырзалық.

Ілмектер: жан-жануар, жануар, төрт түлік мал, түйе, жылқы

Тайдың мінгені білінбес,
Баланың жүгіргені білінбес.

Ілмектер: бала, жан-жануар, жануар, төрт түлік мал

Қоныс ақысын түйе қайтарады.

Ілмектер: қоныс, жан-жануар, жануар, төрт түлік мал

Нар ботасын қарпып сүйеді.

Ілмектер: нар, жан-жануар, жануар, төрт түлік мал

Ақсақ түйенің аузына,
Жел айдаған қаңбақ түсер.

Ілмектер: қаңбақ, жан-жануар, жануар, төрт түлік мал

Қой тілегі - амандық,
Бөрі тілегі - жамандық.

Ілмектер: қой, бөрі, жан-жануар, жануар, төрт түлік мал

Тоқты күз болмай,
Қойға қосылмайды.

Ілмектер: күз, қой, жан-жануар, жануар, төрт түлік мал

Ешкіні құдай ұрарында,
Қойшының таяғына сүйкенер.

Ілмектер: ешкі, қойшы, жан-жануар, жануар, төрт түлік мал