Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (4) Өлеңдер (5) Мақал-мәтелдер (44) Ұлағатты сөздер (7)

Жарлы кісі бай болса, көтін қоюға жер таппайды,
Бай кісі жарлы болса, бетін қоюға жер таппайды.

Ілмектер: жарлы, кедей, бай

Жарлымен құда болғанша,
Байменен барымталас бол.

Ілмектер: жарлы, кедей, бай, құда

Бай болсаң, балпаң бол,
Жарлы болсаң қалтаң бол.

Ілмектер: бай, жарлы

Байдың малы қадірлі,
Жарлының жаны қадірлі.

Ілмектер: бай, мал, жарлы, қадірлі

Жас өседі, жарлы байиды.

Ілмектер: жас, жарлы, кедей, бай, байлық

Байдың қатыны өлсе төсек жаңғырар,
Жарлының қатыны өлсе басы қаңғырар.

Ілмектер: бай, кедей, жарлы, өлім, қатын

Жарлылықта жақсы екен, жатып ішер ас болса.

Ілмектер: жарлы, ас

Жарлы деп сөкпе,
Пайғамбарға тілің тиеді.
Жалғыз деп сөкпе,
Құдайға тілің тиеді.

Ілмектер: жарлы, пайғамбар, діни, құдай

Жаңбыр жауса, жарлының жаны жадырайды.

Ілмектер: жаңбыр, ауған елінің мақалы, ауған мақалы, жарлы

Жарлының жалғыз аты – айғыр,
Жатып ал да қайғыр.

Ілмектер: кедей, жарлы, ат, қырғыз мақалы

Жарлының қалтасына қоянның құлағы сыймайды.

Ілмектер: жарлы, кедей, қоян, қалта, құлақ, қырғыз мақалы

Жарлының қалтасына ақша түссе,
Тырна болып сұңқылдайды.

Ілмектер: жарлы, кедей, ақша, қырғыз мақалы

Жарлымен жауласқанша,
Баймен барымталас.

Ілмектер: жарлы, бай, қырғыз мақалы

Ақыл-қайла болмайды тек жарлыда.

Ілмектер: ақыл, жарлы

Ат, өгіз терін бай бермес,
Жарлы болсаң, көз көрмес.
Өлсе жаман мал берер ысқатына,
Жанға өлшеген малдары жанына ермес.

Ілмектер: жарлы, кедей, бай, өгіз, ат, мал, өлім, ысқат

Атаң алты мың қой айдаса да,
Өзіңде біреу жоқ болса, жарлысың.

Ілмектер: ата, бала, жарлы, кедей

Бай болсаң, паршаменен бетіңді сүрт,
Жарлы болсаң, жаныңменен етіңді сүрт.

Ілмектер: бай, кедей, жарлы, парша, бет, ет, жан

Бай кісі балпаң келер,
Жарлы кісі жалтаң келер.

Ілмектер: бай, жарлы, кедей

Бай мінеді бір ат,
Жарлы мінеді бір ат.
Жазғытұры болғанда,
Бай мінеді құр ат.

Ілмектер: жазғытұры, бай, ат, жарлы, кедей

Байды мал басар,
Жарлыны бала басар.

Ілмектер: бай, жарлы, кедей, бала, мал