Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (10) Өлеңдер (7) Мақал-мәтелдер (84) Ұлағатты сөздер (19)

Жолдасың жаман болса,
Көңілің азар.
Жолдасың жақсы болса,
Күнде базар.

Ілмектер: жолдас

Жолдас,
Жолдассыз жолың болмас.

Ілмектер: жолдас, жол

Жолдас,
Жолдасына жамандық қылған оңбас.

Ілмектер: жолдас, жамандық

Қажымалы мың жолдас,
Жаныңда жолдас жоқпен тең.
Жанын қиған бір жолдас
Қоралы-қосын көппен тең.

Ілмектер: жолдас

Туған көп,
Туысқандай болмас,
Тұрман көп,
Құйысқандай болмас,
Жолдас көп
Уағдада тұрысқандай болмас.

Ілмектер: туысқан, жолдас

Жаман туыстан
Жақсы жолдас артық.

Ілмектер: жолдас

Жолдасы көптің —
Жорғасы көп.

Ілмектер: жолдас

Жол жүрсең,
Шабанға кіріптар қылмасын.
Жолдас болсаң,
Наданға кіріптар қылмасын.

Ілмектер: жол, жолдас

Жолға шықпас бұрын,
Жолдасыңды сайла.
Үй салмас бұрын
Көршіңді ойла.

Ілмектер: жол, жолдас

Жолы болар жігітке
Жолдан жолдас қосылар.

Ілмектер: жол, жолдас, жігіт

Жұмысқа жұғымы жоқтың
Жолдасқа жылымы жоқ.

Ілмектер: жолдас, жұмыс

Ар, намысы бар жігіттің
Жолдасы бар жолында.
Ар, намысы жоқ жігіттің
Ұяты бар қолында.

Ілмектер: ар, намыс, жігіт, жолдас

Жасық жолдастан
Жыңғыл таяқ артық.

Ілмектер: жолдас

Жаманмен жолдас болсаң,
Жаласына қаласың,
Наданмен жолдас болсаң,
Бәлесіне қаласың.

Ілмектер: жолдас

Қабаған ит келер ырысты қайырар,
Қарау қатын жолдасыңнан айырар.

Ілмектер: жолдас, қатын

Жорға мінген,
Жортақы мінгенмен жолдас емес.

Ілмектер: жолдас

Жолдасы жақсы — жолды болар,
Жолдасы жаман — қолды болар.

Ілмектер: жол, жолдас

Бір сапар ер арытпас,
Жаман жолдасын жарытпас.

Ілмектер: жаман, жолдас

Жаманмен жолдас болсаң,
Кесірі жұғар,
Жақсымен жолдас болсаң,
Несібі жұғар.

Ілмектер: жаман, жолдас

Жақсы өз басынан көреді,
Жаман жолдасынан көреді.

Ілмектер: жақсы, жаман, жолдас