Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (10) Өлеңдер (7) Мақал-мәтелдер (84) Ұлағатты сөздер (19)

Дос — ажарың,
Жолдас — базарың.

Ілмектер: дос, жолдас

Жолдас болсаң қуға
Басыңды салар дуға.

Ілмектер: жолдас, қу

Керенау жігітке
Кесепет жолдас кез болар.

Ілмектер: жолдас, жігіт

Жаман жолдас жауға алдырар,
Жаман би дауға алдырар.

Ілмектер: жолдас

Кедей мен бай жолдас болмас,
Қасқыр мен қой жолдас болмас.

Ілмектер: жолдас, кедейлік, байлық

Қасқырда қас қылмайды жолдасына.

Ілмектер: жолдас

Шын жолдас сөзге берік —
Ерге серік.

Ілмектер: жолдас

Алыс жолға шығар болсаң,
Алдымен жолдасыңды сайла,
Жаудың алдын алар болсаң,
Алдымен қолбасыңды сайла.

Ілмектер: жолдас, жау

Жора, жолдас не керек,
Жауға бірге шаппаса,
Арғымақ мініп не керек,
Жабыдан озып артпаса.

Ілмектер: жолдас

Жігіттің жайын
Жолдасына қарап жоры.

Ілмектер: жолдас

Рақат пен қайғы жолдас.

Ілмектер: рақат, қайғы, жолдас

Көңілі қаран
Жолдасынан айрылады.
Көп жасаған,
Құрдасынан айрылады.

Ілмектер: көңіл, жолдас, құрдас

Жолдасың жақсы болса
Жолым ұзын деме,
Жолдасың жаман болса,
Қолым ұзын деме.

Ілмектер: жолдас, жол

Қазаға - сабыр жолдас.

Ілмектер: қаза, сабыр, жолдас

Өзің өлсең өл,
Жолдасыңды жауға берме.

Ілмектер: жолдас, дос, жау, өлім, ер, ерлік, батырлық

Жорғалымен жолдас болма, жолда қаларсың.

Ілмектер: жол, жолдас, ұят

Жаман туғаның болғанша,
Жақсы жолдасың болсын.

Ілмектер: жолдас, дос, достық, туған

Жолдастың мыңын алма, бірін ал.

Ілмектер: жолдас, дос

Жолдас, жолдасқа қиянат еткен оңбас.

Ілмектер: адалдық, адамгершілік, ізгілік, ынтымақ, жолдас, дос, достық, қиянат

Жолдасыңның жоғын қарас:
Табылса жоғына жақсы,
Табылмаса көңіліне жақсы.

Ілмектер: жолдас, дос, достық, адалдық, адамгершілік, ізгілік, ынтымақ