Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (46) Өлеңдер (21) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (136) Ұлағатты сөздер (22) Әзіл, анекдоттар (4)

Иттің ішіне сарымай жақпайды.

Ілмектер: ит, жануар

Итті тепсең — ырысыңды тебесің.

Ілмектер: ырыс, ит

Ит әлі жеткенін талар.

Ілмектер: ит, жануар

Ит қорыған жерге өш.

Ілмектер: ит, жануар

Жаман күшіктің атын
Бөрібасар қояр.

Ілмектер: ит, ат

Итке үкі жараспайды.

Ілмектер: ит

Ит арық болса
Ауылдың намысы.

Ілмектер: ит, намыс, ауыл

Балықта бата жоқ,
Итте ата жоқ.

Ілмектер: балық, ата, бата, ит

Қажып жүрген адамға,
Қарсы алдынан шыққан ит,
Қасқыр болып көрінер.

Ілмектер: адам, ит

Жұрттың жүргені басылмай
Иттің үргені басылмас.

Ілмектер: жұрт, ит, жүру

Ит десең ашуланып, күшік десең күледі.

Ілмектер: ашу, ит, күлкі, күшік

Көп жорытқан ит, күшәлаға жолығады.

Ілмектер: ит, сақтық, қырағылық

Жарамсақтанған ит жатқанша таяқ жейді.

Ілмектер: ит, пейіл, ынсап, таяқ

Қарақұрт жеп қой семіреді,
Қансоқта жеп ит семіреді,
Пара жеп би семіреді.

Ілмектер: ұят, ұрлық, ынсап, пейіл, қй, пара, ит, семіру

Жаужұмыр жақсы болса,
Итке тастар ма еді.

Ілмектер: ит

Ит дегенге ашуланып,
Күшік десең күледі.

Ілмектер: ит, ашу, күлкі, күшік

Жақсы ат жанға серік,
Жақсы ит малға серік.

Ілмектер: ит, ат, жан-жануар, жануар, төрт түлік мал

Қостың кішісі болғанша,
Иттің күшігі бол.

Ілмектер: салт-дәстур, әдет-ғұрып, ит

Итті тепкен, ырысты тебеді.

Ілмектер: ит, ырыс, қыран, құс, құмай, тазы, аңшылық, саятшылық

Ит құтырса — иесін қабады.

Ілмектер: қыран, құс, құмай, тазы, аңшылық, саятшылық, ит