Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (46) Өлеңдер (21) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (136) Ұлағатты сөздер (22) Әзіл, анекдоттар (4)

Аш ит ет тапса, асай береді:
Иесінің түйесі ме, дажалдың есегі ме, оған бәрібір.

Ілмектер: аш, ит, ие, түйе, есек

Аш иттің көтін сұқ ит жалайды.

Ілмектер: аш, аштық, ит

Базардың иті ауылдың итін қаламайды.

Ілмектер: базар, ит, ауыл

Батыр деген Барақ ит болар,
Екі қатынның бірі табатұғын.
Би деген ақсары ат болар,
Айында біреу табатұғын.

Ілмектер: батыр, ит, би

Бөрі баласын бөркіңе салсаң, ит болмас.

Ілмектер: бөрі, бала, қасқыр, ит, жануралар, жануарлар туралы мақалдар, жануарлар туралы мақал

Ауылы жақын ит қасқырдан қорықпас.

Ілмектер: қорқу, ит, қасқыр

Қойға қасқыр шапса,
Ит семіреді.

Ілмектер: ит, қасқыр, жануар

Би жоқта құл жүреді жораға,
Ит жоқта шошқа үреді қорада.

Ілмектер: би, құл, ит, шошқа

Ит қаппайды деме,
Ат теппейді деме.

Ілмектер: ит, ат

Ит иесін танымай қалды.

Ілмектер: ит, ие, парсы мақалы

Итпен ойнасаң — үрерсің,
Баламен ойнасаң — күлерсің.

Ілмектер: ит, ойын, бала, күлкі

Иесі үйге қайтса, иті де оралады.

Ілмектер: үй, ит