Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (4) Өлеңдер (5) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (31) Ұлағатты сөздер (73)

Егеуге бергісіз үскі бар,
Екеуге бергісіз күшті бар.

Ілмектер: егеу, үскі, күш, қырғыз мақалы

Күшті қауіпті емес,
Кекшіл қауіпті.

Ілмектер: күш, кек

Күш — бірлікте.

Ілмектер: күш, ынтымақ

Айламен арыстан ұстар,
Қара күшпен тышқан да ұстай алмас.

Ілмектер: айла, арыстан, күш, тышқан

Арыстанда қырық кісінің күші бар,
Бір кісінің жүрегі бар.

Ілмектер: арыстан, қырық, күш, жүрек, бір

Әйелге күш көрсету — ерлік емес,
Күшіңді өзіңе жұмса.

Ілмектер: әйел, ерлік, күш

Бақыттың шалғайынан басып,
Күшпен ұстап тұруға болмайды.

Ілмектер: бақыт, шалғай, күш

Бөрінің қартайса да,
Бір қойлық әлі бар.

Ілмектер: бөрі, қарттық, қой, әл, күш, төрт түлік мал, жануарлар туралы мақал

Көзсіз жұмсаған — күш арам,
Көріксіз істелген — іс арам.

Ілмектер: күш, іс, өнер

Ақыл — бұл күштен әлдеқайда көп нәрсе. Күш пайдасыз жерде ақыл көмектеседі.

Ілмектер: мысыр мақалы, ақыл, күш

Күш – білімде.

Ілмектер: күш, білім