Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (8) Өлеңдер (30) Мақал-мәтелдер (35) Ұлағатты сөздер (23)

Алтыға дейін бала ерке,
Алпыстан кейін шал ерке.

Ілмектер: бала, шал, кәрілік, қарт

Қартайдым деп, қайырма,
Жас бала бар артында,
Жалғызбын деп, қайырма
Жақсылар бар артында.

Ілмектер: қартаю, жас, кәрілік

Жастық көкке,
Кәрілік жерге қаратады.

Ілмектер: жастық, кәрілік

Кәрі келсе асқа, жас келсе іске.

Ілмектер: іс, кәрілік, ас, жас

Жасыңда қылжың болсаң,
Қартайғанда мылжың боларсың.

Ілмектер: кәрілік, қарттық, мылжың

Кәрілік — дауасыз дерт.

Ілмектер: кәрілік, қарттық, адам, өмір

Жастыққа да кәрілік бар,
Байлыққа да жарлылық бар.

Ілмектер: өмір, адам, кәрілік, жастық, байлық, кедейлік, жарлы

Кәрілік сені қайтейін,
Сөйлер сөзге мерт ерттің.

Ілмектер: кәрілік, өмір, сөз, адам

Тәліміне қарай кәрілігі.

Ілмектер: тәлім, кәрілік, Араб мақал-мәтелдері

Жастық - жалын,
Кәрілік - құл.

Ілмектер: жастық шақ, кәрілік, құл, жалын

Жас кезіңде тандыр нан да тәтті.
Қартайғанда құймақ та қатты.

Ілмектер: кәрілік, жастық шақ, қатты, тәтті, нан

Кәріге жаны – дәрі.

Ілмектер: кәрілік, жан, дәрі, қырғыз мақалы

Ауру – аздырады,
Кәрілік – тоздырады.

Ілмектер: ауру, кәрілік, денсаулық, қырғыз мақалы

Қартайғанда өкпешіл болады.

Ілмектер: қарттық, кәрілік, өкпе, қырғыз мақалы

Жасында жігіт оқталады,
Қартайғанда тоқталады.

Ілмектер: жігіт, жастық шақ, кәрілік, қарттық, қырғыз мақалы