Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (3) Өлеңдер (24) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (22) Ұлағатты сөздер (2)

Адам қатесіз болмас,
Көл бақасыз болмас.

Ілмектер: адам, көл, қайғы

Құс қонбаған көл жетім,
Ел қонбаған жер жетім.

Ілмектер: көл, жетім, ел

Көп адаспас, көл таусылмас.

Ілмектер: ел, халық, көл

Елсіз көлге бақа айғыр,
Қатындарға жалшы айғыр.

Ілмектер: көл, бақа, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Көзінің жасы көл болды.

Ілмектер: көз, жас, көз жасы, көл

Қайраны жоқ көлден без,
Қайырымы жоқ ерден без.

Ілмектер: қайырым, көл, ер

Көлден көзе де сау шықпайды.

Ілмектер: көл, парсы мақалы

Тал көлді жағаласа,
Қайың белді белдеулер.

Ілмектер: тал, көл

Қаз қозғалса, үйрек көлді жағалайды.

Ілмектер: қаз, үйрек, құс, көл

Бара-бара мың болар,
Тама-тама көл болар.

Ілмектер: мың, көл

Суалған көлге бақа – айғыр.

Ілмектер: бақа, көл, қырғыз мақалы

Бұлақ өзін көлмін дер.

Ілмектер: бұлақ, көл

Ер қатесіз болмайды,
Көл бақасыз болмайды.

Ілмектер: қате, қателік, ер, көл, бақа

Аққу айдын көлде жүзеді,
Ару айдын көңілде жүзеді.

Ілмектер: аққу, айдын, көл, ару

Шөлдеген түсінде көл көреді.

Ілмектер: көл, шөлдеу, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Бұлаққа бұлақ қосылса,
Егізбіз дейді.
Көлге көл қосылса,
Теңізбіз дейді.

Ілмектер: су, бұлақ, көл, теңіз

Ауызы жаман елді былғар,
Аяғы жаман көлді былғар.

Ілмектер: ауыз, ел, көл, жаман

Бақа сисе, көлге сеп,
Жақсы қатын малға сеп.

Ілмектер: бақа, көл, қатын, жақсы

Адам елінде көгерер,
Қоға көлінде көгерер.

Ілмектер: адам, ел, көл

Көп жүрген жер — көл,
Құм жүрген жер — шөл.

Ілмектер: жер, көл, көпшілік