Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (10) Өлеңдер (4) Мақал-мәтелдер (54) Ұлағатты сөздер (21)

Құлан құдыққа құласа,
Құрбақа құлағында ойнар.

Ілмектер: мінез-құлық

Жатқан жапа көреді,
Жүрген опа көреді.

Ілмектер: жапа, опа, мінез-құлық

Жамансыз жақсы болмас,
Несиесіз, нақты болмас.

Ілмектер: жақсы, жаман, мінез-құлық

Жаманға — таяқ,
Жақсыға — ишарат.

Ілмектер: жақсы, жаман, мінез-құлық

Жақсыны көріп,
Пікір ет,
Жаманды көріп,
Шүкір ет.

Ілмектер: жақсы, жаман, мінез-құлық

Асыл туған адамның
Алтын жетпес нарқы бар.
Жақсы менен жаманның
Аспан мен жердей парқы бар.

Ілмектер: жақсы, жаман, адам, мінез-құлық

Өзіңді зорсынба,
Өзгені қорсынба.

Ілмектер: мінез-құлық

Жақсының басына іс түссе,
Ашынар да, ашылар.
Жаманның басына іс түссе,
Төгілер де, шайылар.

Ілмектер: жақсы, жаман, мінез-құлық

Жаманға етіңді бер,
Жамандығын қойсын деп.
Жақсыға ниетіңді бер,
Мерейі толсын деп.

Ілмектер: жақсы, жаман, мінез-құлық

Жақсының қасиеті — жарастыру,
Жаманның қасиеті— таластыру.

Ілмектер: жақсы, жаман, мінез-құлық

Көрген көргенін,
Көсеу түрткенін істейді.

Ілмектер: көрген, мінез-құлық

Адал мінез адамдар:
Арттағыларға жол салып
Із тастап өтеді.
Арам мінез адамдар:
Арттағыларға тікен төгіп,
Біз тастап өтеді.

Ілмектер: мінез-құлық

Жақсыға айтсаң
Бітірер,
Жаманға айтсаң
Жітірер.

Ілмектер: жақсы, жаман, мінез-құлық

Екі тентек қосылса
Жаудай болар.
Екі мақұл қосылса
Таудай болар.

Ілмектер: тентек, мінез-құлық

Мың асқанға, бір тосқан.

Ілмектер: мінез-құлық

Адамның көңілі
Бір атым насыбайдан қалады.

Ілмектер: адам, көңіл, мінез-құлық

Сүйек тамыр —
Сүйенісіп күн көреді.
Ауыз тамыр —
Айтысып артығын алады.

Ілмектер: мінез-құлық

Отты жақпа,
Өзің пісерсің,
Орды қазба,
Өзің түсерсің.

Ілмектер: мінез-құлық

Қаскүнем қарақтан өледі,
Қомағай тамақтан өледі.

Ілмектер: мінез-құлық

Арам — ауыр,
Ақ — жеңіл.

Ілмектер: арам, мінез-құлық