Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (19) Өлеңдер (17) Жоспарлар (4) Мақал-мәтелдер (31) Ұлағатты сөздер (7)

Көп тимеске, мол тиіпті,
Табақ-табақ нан тиіпті.

Ілмектер: табақ, нан, мол, қырғыз мақалы

Нан – бақытты өмiрдiң бастауы.

Ілмектер: нан, өмір, бақыт

Дастарханда наны жоқтың,
Тамағының сәні жоқ.

Ілмектер: нан, дастархан, тамақ

Бидай наның болмаса,
Бидай сөзің жоқ па еді?

Ілмектер: қарақалпақ мақалы, бидай, нан, сөз

Нан – тамақтың атасы,
Ынтымақ – көптің батасы.

Ілмектер: нан, ас, тамақ, ынтымақ

Ашығып жесең, нан да шекердей көрінеді.

Ілмектер: аштық, ашығу, нан, шекер, ас, тағам, тамақ

Бектің асы қанша дәмді болса да,
Жоқ-жітіктің қатқан наны жақсырақ.

Ілмектер: бек, ас, дәмді, нан

Ащы еңбектен тәтті нан.

Ілмектер: ащы, еңбек, нан

Анасы жұқалап нан жапса,
Баласы бұтарлап асайды.

Ілмектер: ана, бала, нан