Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (54) Өлеңдер (128) Жоспарлар (13) Мақал-мәтелдер (69) Ұлағатты сөздер (31) Әзіл, анекдоттар (1)

Сұңқар қиясын сағынады.
Торғай ұясын сағынады.

Ілмектер: отан, ел

Отанға опасыздық еткенің,
Өз түбіңе өзің жеткенің.

Ілмектер: отан

Отансыздың оты жанбайды.

Ілмектер: отан

Отанға опасыздық еткенің
Өмірден қаралы боп өткенің.

Ілмектер: отан, өмір

Адам отанын іздейді,
Қой қотанын іздейді.

Ілмектер: адам, отан

Құртақандай торғай да,
Өз ұясын қорғайды.

Ілмектер: отан, ел, жұрт

Отандасыңмен отқа түс,
Күймейсің.
Отандасыңмен отқа ұш,
Өлмейсің.

Ілмектер: отан

Отанын сатқан — ант атқан.

Ілмектер: отан

Отан от басынан басталады.

Ілмектер: отан

Отанын сатқан оңбас.

Ілмектер: отан

Отаның тыныш — сен тыныш.

Ілмектер: отан

Бөтен жердің гүлінен,
Туған жердің тікені артық.

Ілмектер: туған жер, отан

Отаны бірдің жүрегі бір,
Жүрегі бірдің тілегі бір.

Ілмектер: отан, тілек, жүрек

Отан отбасынан басталады.

Ілмектер: отан

Ел мен жер егіз.

Ілмектер: туған жер, ел, халық, отан

Туған жерге туың тік.

Ілмектер: туған жер, отан

Ат айналып қазығын табар,
Ер айналып елін табар.

Ілмектер: туған жер, отан, ер

Жақсы жігіт жер шолып,
Ақыр түбі айналар.

Ілмектер: жігіт, туған жер, отан

Пәлен жерде бақыт бар,
Іздеп барсаң мыс та жоқ.

Ілмектер: Туған жер, бақыт, отан

Шетте жүріп тарығарсың,
Өз еліңді сағынарсың.

Ілмектер: сағыну, туған жер, отан