Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (120) Өлеңдер (19) Жоспарлар (42) Мақал-мәтелдер (96) Ұлағатты сөздер (22)

Ұрыспай айрылған
Ұялмай қосылар.

Ілмектер: отбасы

Аш итке ас берсең,
Анаңа тартқаның.
Жаяуға ат берсең
Атаңа тартқаның.

Ілмектер: ата, ана, отбасы

Аты шабан болса,
Қатыны жаман болса,
Жігіттің көрген күні құрысын.

Ілмектер: қатын, отбасы

Қасық асым —
Қайғысыз басым.

Ілмектер: үйлену, отбасы

Қатыны би жігіттің
Қайын елі кәдірлі.

Ілмектер: қатын, жігіт, отбасы

Екі жарты — бір бүтін,
Ерлі-қатын — бір түтін.

Ілмектер: отбасы

Еркек дауысты әйелдің ісі болмас,
Қатын дауысты еркектің күші болмас.

Ілмектер: әйел, еркек, отбасы

Бір қатын тамағымен тойғызар,
Бір қатын қабағымен тойғызар.

Ілмектер: қатын, отбасы

Тоқал байғұс тоғына мәз,
Бәйбішенің жоғына мәз.

Ілмектер: отбасы, тоқал, бәйбіше

Қартая келгенде,
Қатын жақын болады.
Күшің басым болса,
Жатың жақын болады.

Ілмектер: қатын, отбасы

Сараң қатын
Майын тығумен құртар.
Жаман қатын
Кірін сығумен жыртар.

Ілмектер: қатын, отбасы

Тыстағы мың жаудан,
Үйдегі бір жау жаман.

Ілмектер: отбасы, жаман

Еркектің жаманы
Қатынын жамандар,
Елдің жаманы
Батырын жамандар.

Ілмектер: жаман, еркек, қатын, отбасы

Азар болса, жақын жаман,
Шабан болса, атың жаман.
Шайпау болса, қатын жаман.

Ілмектер: жаман, қатын, отбасы

Жақсы әйел ер көңілін өсіреді,
Жаман әйел ер отын өшіреді.

Ілмектер: әйел, ер, жақсы, жаман, отбасы

Қатын алма, қайын ал,
Жақсы көрген тамырдың
Атын алма, тайын ал.

Ілмектер: қатын, отбасы, үйлену

Әйел — үйдің ажары,
Бала — үйдің базары.

Ілмектер: үй, отбасы, әйел, бала

Жеткіншектен айырылған,
Жер таянбай тұрмайды.

Ілмектер: ағайын, отбасы, жанұя

Келер кезек, терме тезек.

Ілмектер: кезек, отбасы, туыс

Үй ішінен жау шықса,
Тұра қашып құтылмассың.

Ілмектер: отбасы, жау, жанұя