Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (43)

Шақырған жерден қалма,
Шақырмаған жерге барма.

Ілмектер: салт-дәстур, әдет-ғұрып

Асаған білмес,
Тураған білер.

Ілмектер: салт-дәстур, әдет-ғұрып

Құр қасық ауыз жыртар.

Ілмектер: қасық, салт-дәстур, әдет-ғұрып

Құс жаман шажа,
Дос жаманы бажа.

Ілмектер: салт-дәстур, әдет-ғұрып, құс, бажа

Келіншектің бетін кім бұрын ашса сол ыстық.

Ілмектер: келін, салт-дәстур, әдет-ғұрып

Қонак құдайдың еркесі.

Ілмектер: қонақ, салт-дәстур, әдет-ғұрып

Тас түскен жеріне ауыр.

Ілмектер: тас, салт-дәстур, әдет-ғұрып

Шақырусыз тойға барғанша,
Қазусыз көрге бар.

Ілмектер: той, көр, салт-дәстур, әдет-ғұрып

Заманына қарай амалы.

Ілмектер: заман, салт-дәстур, әдет-ғұрып

Заманына қарай заңы,
Тоғайына қарай аңы.

Ілмектер: заман, аң, салт-дәстур, әдет-ғұрып

Жасы құрдас, құрдас емес,
Заманы бір құрдас.

Ілмектер: заман, құрдас, салт-дәстур, әдет-ғұрып

Мың «сіз-біз» ден
Бір шыж-мыж артық.

Ілмектер: салт-дәстур, әдет-ғұрып

Нағашымен күрессе,
Жиені жығылар.

Ілмектер: нағашы, жиен, салт-дәстур, әдет-ғұрып

Ет жемесе де, сорпа ішкендей болды.

Ілмектер: ет, сорпа, ас, тағам, салт-дәстур, әдет-ғұрып

Заманы бірдің амалы бір.

Ілмектер: заман, амал, салт-дәстур, әдет-ғұрып

Сыпайының сыры мол.

Ілмектер: салт-дәстур, әдет-ғұрып, сыпайылық

Қолыңмен істегеңді,
Мойныңмен көтер.

Ілмектер: салт-дәстур, әдет-ғұрып

Аққа қара жұқпайды.

Ілмектер: ақ, қара, салт-дәстур, әдет-ғұрып

Естіген құлаққа жазық жоқ.

Ілмектер: құлақ, салт-дәстур, әдет-ғұрып

Жорғаң қатты болса, бәске сал,
Ісің ақ болса, көпке сал.

Ілмектер: іс, салт-дәстур, әдет-ғұрып