Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (68) Өлеңдер (74) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (29) Ұлағатты сөздер (53)

Жаудыра атсаң жауға жақындайсың.

Ілмектер: жау, соғыс

Зеңбірек зіркілдесе,
Жаяу солдат еркіндейді.

Ілмектер: зеңбірек, солдат, соғыс

Алдырмайтын бекініс жоқ,
Майдан жолының өкініші жоқ.

Ілмектер: бекініс, соғыс, майдан, өкініш

Жолдас қадірін жорықта білесің,
Дос қадірін соғыста білесің.

Ілмектер: дос, соғыс, қадір, жолдас

Атқыштан ажал қашады.

Ілмектер: соғыс, ажал

Көтеріп үйренсең,
Алты пұт жүк емес екен,
Атып үйренсең таңкің түк емес екен.

Ілмектер: соғыс, танк, ату

Табансыз соғыс,
Тағдырыңның дұшпаны.

Ілмектер: соғыс, тағдыр, дұшпан

Түн соғыста дем алатын мезгіл емес,
Жаудан кек алатын мезгіл.

Ілмектер: соғыс, түн, кек, жау

Күн райын тоққа санама,
Жасырын жауды жоққа санама.

Ілмектер: күн, жау, соғыс