Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (6) Өлеңдер (4) Мақал-мәтелдер (36) Ұлағатты сөздер (10)

Жердің тілін білсең,
Тілдей жерден жылдық өнім аларсың.
Елдің тілін білсең,
Елге сыйлы боп жағарсың.

Ілмектер: егіншілік, жер, сый, ел

Сынасуға жараған,
Сыйласуға да жарайды.

Ілмектер: сын, сый

Сыйлап берген су да тәтті.

Ілмектер: су, сый

Жетесінде жоқ,
Жете сыйламайды.

Ілмектер: сый, сыйлау

Алтын деген жер сыйы,
Алғыс деген ел сыйы.

Ілмектер: алтын, жер, алғыс, ел, сый

Өзіңе дейінгі білімді игермей,
Келешектен сый көрмейсің.

Ілмектер: білім, келешек, сый

Сыйласаң, сый көрерсің.

Ілмектер: сый, сыйластық

Өзінді өзің сыйламасаң,
Өзгеден сый дәметпе.

Ілмектер: сый, сыйластық

Сыйға сый, сыраға бал.

Ілмектер: сый, бал

Атасын сыйлаған абыройға бөленер.

Ілмектер: ата, сый, абырой, тәлім, тағлым, тәрбие

Жыласуға сөз жақсы,
Сыйласуға жат жақсы.

Ілмектер: сый, сыйласу, жат, сөз

Келіп көрмей сыйын сұрама.

Ілмектер: сый

Сыйлап берген сірке, сатып алған балдан артық.

Ілмектер: сірке, бал, сый

Ұялған – қай кезде сый алған.

Ілмектер: ұят, ұялу, сый, парсы мақалы

Ерге берсең асыңды,
Ерлер сыйлар басыңды.

Ілмектер: ер, сый, ас, тағам

Көп көрген үйренеді,
Көп білген сый көреді.

Ілмектер: білім, сый, үйрену

Сыйға тартқан аттың тісіне қарама.

Ілмектер: сый, ат, парсы мақалы

Шегіркенің санын Сүлейменге сыйға апарады.

Ілмектер: шегіртке, сан, сый, парсы мақалы

Ұсталмаған киікті,
Ұсынумен сый ұтты.

Ілмектер: киік, сый, парсы мақалы

Бірінші көргенде, безін сыйлайды,
Танысқаннан кейін өзін сыйлайды.

Ілмектер: сый, танысу, қырғыз мақалы