Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (8) Өлеңдер (15) Мақал-мәтелдер (51) Ұлағатты сөздер (13) Әзіл, анекдоттар (1)

Ақыл бастан шығады,
Асыл тастан шығады.

Ілмектер: ақыл, асыл, бас, тас

Ақыл жастан шығар,
Жүйрік аттан шығар.
Ақыл қарттан шығар,
Асыл тастан шығар.

Ілмектер: ақыл, жас, жүйрік, ат, қарт, асыл, тас

Ақыл надан басқа кірмейді,
Темір шеге тасқа кірмейді.

Ілмектер: ақыл, надан, темір, шеге, тас, бас

Ақымақ мың батпан тасты көтереді,
Бір ауыз сөзді көтере алмайды.

Ілмектер: ақымақ, мың, батпан, тас, көтеру, сөз

Алтын — жай тас, босқа жатқан жердегі,
Қазып алса — бек тәжінің өрнегі.

Ілмектер: алтын, тас, бек, жер, тәж

Алтын-күміс тас болар.

Ілмектер: алтын, күміс, тас

Алтын-күміс әманда таспен бірге жүреді.

Ілмектер: алтын, күміс, тас

Алтынның құны түспейді,
Тастың бағасы артпайды.

Ілмектер: алтын, құн, тас, баға

Тауды, тасты жел бұзар,
Адамзатты сөз бұзар.

Ілмектер: тау, тас, сөз, адам

Әр тастың бөлек-бөлек белгісі бар.

Ілмектер: тас, белгі

Тау мен тасты су бұзады,
Азаматты сөз бұзады.

Ілмектер: тау, тас, су, сөз, азамат