Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (48) Өлеңдер (46) Мақал-мәтелдер (50) Ұлағатты сөздер (10) Әзіл, анекдоттар (2)

Той тамағы — тәтті.

Ілмектер: той, тамақ

Тойдың болғанынан,
Боладысы қызық.

Ілмектер: той

Мысықтың өлімі - тышқанға той.

Ілмектер: өлім, мысық, тышқан, той

Той сылтауымен тон бітер.

Ілмектер: той

Жалғыз атты, тойға да бармас,
Тойдан да қалмас.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, той

Бір тойда екі жар жоқ.

Ілмектер: той

Тойлы ауылда тойлап тоймаған,
Ойнап тояды.

Ілмектер: той, ауыл, ойын

Бір күндік тойдың
Мың күндік өкпесі бар.

Ілмектер: той, туған, туыс

Той тоянасымен қызық.

Ілмектер: той

Базарға теңгесі бар, барсын.
Тойға теңдесі бар, барсын.

Ілмектер: той, базар

Той шашуымен қызық.

Ілмектер: той, шашу

Ойда, қырда той мен ас,
Бөрісі ерке, иті мас.

Ілмектер: той, ас

Той көкпармен қызықты,
Ойын-сауық дос-жарыңмен қызықты.

Ілмектер: той, дос

Тойға барсаң, тойып бар,
Бар жұмысты қойып бар.

Ілмектер: той, думан

Әшейінде ауыз жаппас,
Той дегенде өлең таппас.

Ілмектер: той, өлең

Тойда тоныңды сұрама.

Ілмектер: той

Той сылтауымен тон бітті.

Ілмектер: той

Асқа барсаң — аш бар,
Тойға барсаң — тоқ бар,
Той қызығы — көкпар.

Ілмектер: той

Аты, тоны сай кісі,
Жиын, тойға барысар,
Ұлы, қызы бар кісі,
Құдалыққа барысар.

Ілмектер: той, құдалық

Шақырусыз тойға барғанша,
Шарығыңды ки де, қойға бар.

Ілмектер: той