Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (48) Өлеңдер (46) Мақал-мәтелдер (50) Ұлағатты сөздер (10) Әзіл, анекдоттар (2)

Асықпа, тойға барарсың,
Өлеңші болсаң, жеңерсің,
Палуан болсаң, жығарсың.

Ілмектер: асығу, той, палуан

Әшейінде ауыз жаппас,
Той дегеде бірін таппас.

Ілмектер: той, ауыз

Бәрің бірдей қойшы болма,
Құл боларсың.
Бәрің бірдей тойшы болма,
Қу боларсың.

Ілмектер: қойшы, құл, той, қу

Бидің айтқан сөзінің бәрі кеңес,
Кісі ақылы кісіге ақыл емес.
Түнде ұры халықтың малын жесе,
Ертең жиын-тойға тіпті кірмес.

Ілмектер: кеңес, сөз, ақыл, ұры, халық, той, ертең, би

Таз таранғанша,
Той тарқайды.

Ілмектер: той

Дәулет келерінде тойға келген қыздай,
Кетерінде қолға ұстаған мұздай.

Ілмектер: дәулет, той, қыз, мұз

Бұқа қарап жүріп тойға жасауыл болды.

Ілмектер: бұқа, той, жасауыл

Он екі айда он үш той.

Ілмектер: той, сан туралы мақал