Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (8) Өлеңдер (12) Мақал-мәтелдер (161) Ұлағатты сөздер (23) Әзіл, анекдоттар (1)

Ағайының барда дұшпаным жоқ деме,
Абысының барда күндесім жоқ деме.

Ілмектер: ағайын, туыс

Малыңның жоқтығын ағайының білдіреді,
Қадіріңнің жоқтығын қатының білдіреді.

Ілмектер: ағайын, туыс

Бітісі жаман қамысты, су ішінен өрт шалар,
Туысы аман жігітті, түйе үстінен ит қабар.

Ілмектер: жаман, туыс, жігіт

Жыласуға жақын жақсы,
Сыйласуға жат жақсы

Ілмектер: туыс

Ағайынды жігіттің кере қалыс жалы бар,
Жалғыз басты жігіттің шығар-шықпас жаны бар

Ілмектер: ағайын, туыс

Ағайынның аты озғанша,
Ауылдастың тайы озсын.

Ілмектер: ағайын, туыс

Алыстағы ағайыннан,
Алдыңдағы көрші артық.

Ілмектер: көрші, ағайын, туыс

Ағайын бірде араз, бірде тату.

Ілмектер: ағайын, туыс

Үйірінен айрылған айғыр
Ат болады,
Көңілді қалдырған ағайын
Жат болады.

Ілмектер: төрт түлік мал, ағайын, туыс, жат

Атың жақсы болса — қанатың,
Ағайын жақсы болса — санатың.

Ілмектер: төрт түлік мал, ағайын, туыс

Ағаа лдында пейіліңді көрсет,
Іні алдында мейіріңді көрсет.

Ілмектер: аға, іні, туыс, ағайын

Жайды білмеген жақыннан,
Жайды білген жат артық.

Ілмектер: жат, туыс, ағайын

Асыл аға, алғыр іні.

Ілмектер: аға, іні, туыс, ағайын

Туысы бірдің — уысы бір.

Ілмектер: туыс, ағайын

Жақынның жаманын мақтама,
Көршіңнің ала жібін аттама.

Ілмектер: жақын, жаман, көрші, туыс

Құдаңның түйесін сұра,
Қорыққанынан биесін берер.

Ілмектер: құда, туыс

Қойыннан төгілген— қонышқа.

Ілмектер: ағайын, туыс

Ағайынның аразы болса да,
Азары болмайды.

Ілмектер: ағайын, туыс

Ағайын бір өліде,
Бір тіріде керек.

Ілмектер: ағайын, туыс

Сыйласайық,
Сырласайық, сыбайлас!
Сыйлы көңіл,
Сыршыл көңіл мұңаймас.

Ілмектер: сыйластық, туыс, ағайын