Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (9) Өлеңдер (1) Жоспарлар (6) Мақал-мәтелдер (670) Ұлағатты сөздер (1)

Тебеген болса биең жау,
Сүйкеншек болса түйең жау.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Момынды момын қорғайды,
Түйе қомын қорғайды.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Екі көзі танадай,
Екі өркеші баладай
Түйе деген жарықтық.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Бота алғанша — бата ал.

Ілмектер: бата, жан-жануар, төрт түлік мал

Түйе алтын артып жүрсе де,
Жантақ жеуін қоймайды.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, алтын

Өзі түйенің үстінде келе жатып,
Жаяуға бұқ дейді.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Өкпелесең көшке берген
Тайыңды қайтып ал.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, өкпелеу

Түйенің сүйген асы— жантақ,
Тиіннің сүйген асы —жаңғақ.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Түйесі жоқ ауылға
Тайлақ атан көрінер.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Ашаршылықта
Түйенің сіңірі де тәтті,
Тоқшылықта
Қозының құйрығы да қатты.

Ілмектер: ашаршылық, тоқшылық, жан-жануар, төрт түлік мал

Жазғытұрымғы жел
Жардай атанды жығады.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Түйені жүгендемейді,
Көп малды түгендемейді.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Көп келіссе,
Кірекеш түйесін сояр.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Түйе атасы — нар,
Ағаш атасы — шынар.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Біреудің жоғын
Біреу түйе мініп жүріп жоқтайды.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

«Арық» деген жаман тай
Жазға шықса ат болар,
Жамандығың сезілсе
Жақын кісің жат болар.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, жаман, жақын, кісі, жат

Жалғыз шапқан ат жүйрік.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Тұлпардың ізі бітпейді,
Тұяғы кетпейді.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Азынаған айғырдың үйірін көр,
Менменсінген жігіттің үйін көр.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, жігіт

Жүйрік тоқтығын білдірмес,
Жомарт жоқтығын білдірмес.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, жомарт