Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (8) Өлеңдер (2) Мақал-мәтелдер (27) Ұлағатты сөздер (10)

Шешеннің сөзі — ортақ
Шебердің бөзі — ортақ.

Ілмектер: шешен, шебер, сөз, тіл

Үйде шешен, дауға жоқ,
Үйде батыр, жауға жоқ.

Ілмектер: батыр, шешен

Ашыққан — ұры, ашынған шешен болады.

Ілмектер: аш, ұры, шешен

Байтал — жүйрік, парқы жоқ,
Қатын — шешен, нарқы жоқ.

Ілмектер: Байтал, қатын, шешен, жүйрік

Бақ-бақ еткен текені қар жауғанда көрерміз,
Батырсынған жігітті жау келгенде көрерміз,
Шешенсінген жігітті дау келгенде көрерміз.

Ілмектер: теке, қар, батыр, жігіт, жау, шешен, дау

Батырды жауда,
Шешенді дауда сына.

Ілмектер: батыр, шешен