Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақал-мәтелдер (62) Ұлағатты сөздер (4)

Тісі бардың — ырысы бар.

Ілмектер: тіс, ырыс, парсы мақалы

Бiлiм ауысады,
Ырыс жұғысады.

Ілмектер: білім, ырыс

Оқу – бiлiм азығы,
Бiлiм – ырыс қазығы.

Ілмектер: оқу, білім, ырыс

Ырысы жоқтың
Тынысы тар.

Ілмектер: ырыс, тыныс, парсы мақалы

Бұрыс ырысты кеседі.

Ілмектер: ырыс, қырғыз мақалы

Ырыстымен оттас бол.

Ілмектер: ырыс, қырғыз мақалы

Жақсы ой – жарым ырыс.

Ілмектер: жақсы, ой, ырыс

Кәрісі бардың — ырысы бар.

Ілмектер: кәрі, ырыс, ырыс, қырғыз мақалы

Жақсы сөз — жан азығы.
Жақсы еңбек — ырыс қазығы.

Ілмектер: жақсы, еңбек, ырыс

Ұрыс болса, ырыс қашады.

Ілмектер: ұрыс, ырыс

Айтылады тілменен сөз, сыр ішің,
Жақсы сөз де, білсең, бедел, ырысың.

Ілмектер: сөз, сыр, бедел, ырыс, жақсы

Білек жұғысады,
ырыс ауысады.

Ілмектер: білек, ырыс

Жақсы сөз — жарым ырыс.

Ілмектер: жақсы, сөз, ырыс, тіл

Батыр туса — ел ырысы,
Жаңбыр жауса — жер ырысы.

Ілмектер: батыр, ырыс, ел, жер

Ырыс қашса да, туыс қашпайды.

Ілмектер: ырыс, туыс

Жақсы туса елдің ырысы,
Жаңбыр жауса жердің ырысы.

Ілмектер: жақсы, ырыс

Су — ырыстың көзі,
Еңбек — кірістің көзі.

Ілмектер: су, ырыс, еңбек

Ынтымақ жүрген жерде,
Ырыс бірге жүреді.

Ілмектер: ынтымақ, ырыс