Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Өлеңдер (7) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (37) Ұлағатты сөздер (20)

Өзінің түйедей мінін көрмей,
Біреудің түймедей мінін көрер.

Ілмектер: мін, адалдық, адамгершілік, ізгілік, ынтымақ

Өзім білем өрге апармас.

Ілмектер: адалдық, адамгершілік, ізгілік, ынтымақ, менмендік

Ақкөңілден арамдық шықпас,
Арамдық шықса да жамандық шықпас.

Ілмектер: адалдық, адамгершілік, ізгілік, ынтымақ, арам, арамдық

Көзіне қарама, сөзіне қара.

Ілмектер: көз, сөз, адалдық, адамгершілік, ізгілік, ынтымақ

Қолы жетпеген кәріп.

Ілмектер: қол, кәріп, адалдық, адамгершілік, ізгілік, ынтымақ

Көкірек байғұс текірек қағар.

Ілмектер: көкірек, адалдық, адамгершілік, ізгілік, ынтымақ

Біреуге деп көр қазба,
Өзің түсерсің.

Ілмектер: көр, адалдық, адамгершілік, ізгілік, ынтымақ

Барамын деп аспа,
Жоқпын деп саспа.

Ілмектер: бар, жоқ, адалдық, адамгершілік, ізгілік, ынтымақ

Нәрсізге назынды айтпа, сағың сынады.
Нәрліге ишарат етсең, айтпай ұғады.

Ілмектер: наз, ишарат, адалдық, адамгершілік, ізгілік, ынтымақ

Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар.

Ілмектер: ізгілік, білім, аспан, жол

Бар ізгілік түйсіктіге саяды,
Ер біліммен өсіп, атын жаяды.

Ілмектер: ізгілік, түйсік, ер, білім

Бәле іздеп келме, ізгілік іздеп кел.

Ілмектер: бәле, ізгілік

Білген ердің сөзін тыңда ізгілік,
Қасиетін үйреніп ап көзге ілік.

Ілмектер: ізгілік, қасиет

Адалдық жүрген жерде, адамдық жүреді.

Ілмектер: адалдық, адамгершілік, ізгілік, ынтымақ

Әділдік пен ізгілік,
Қарсы алады жүз күліп.

Ілмектер: әділдік, ізгілік, парсы мақалы

Ала жіпті аттамағанңың абыройы биік.

Ілмектер: абырой, жіп, адалдық, адамгершілік, ізгілік, ынтымақ

Білім мен ізгілік қана мұратқа жеткізеді.

Ілмектер: Білім, ізгілік, мұрат